КОЛЛЕДЖ ЖЫЛНАМАСЫ

Колледжіміз Жастар жылының ашылуына қатысты


Қаңтар 2019


  

Колледжіміз Жастар жылының ашылуына қатысты

Колледж ұжымы мен студенттері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Астана қаласында өткен жастар жылының ашылу салтанатына онлайн түрде қатысты. Биылғы жылдың жатар жылы деп аталуы бүкіл Қазақстан жастарымен бірге оқу ордамыздың студенттеріне жаңа әлемге бет бұрғандай әсер етті. Өздерінің болашақ жоспары мен әлем кеңстігіне батыл қадам жасайтындықтарын қуанышпен қабылдады. Қазақстан Президенті жиынға қатысушыларды Жастар жылының ашылуымен құттықтап, бұл шараның келешек ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтіп, «Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыру үшін атқарылып жатыр», – деп, жастарға рух берді. Елбасының Қазақстан жастарына айтқан серпінді сөздері, колледж студенттерін де қанаттандырып, онлайн конференциядан соң да студенттер өзара ұзақ сұхбаттасты.


Қаңтар 2019


 


Рәмізге құрмет – біздің басты міндет

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін қала тұрғындары арасында кеңінен құрметтеу мен қастерлеу жөнінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында колледж қызметкерлері «Қоғамдық келісім» КММ Түркістан қалалық филиалының маманы А. Әбдінәбиева, «Түркістан» газетінің бөлім меңгерушісі Қ. Тасыбаевпен кездесті. Кездесу барысында  «Қоғамдық келісім» маманы А. Әбдінәбиева Мемлекеттік рәміздердің қасиеті туралы айтып, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үміт пен арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілері туралы тоқталды. Ал өркениетті қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі — сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі жөнінде Қ. Тасыбаевтың пікірі залда ұзақ талқыланып, колледж қызметкерлерінің сұрақтарына ұласты. Колледж директоры Қ. Рысбеков өз сөзінде  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды  адамдар жүргізуге міндетті екенін және оқу ордамызда ол туралы белсенді қадамдар жасалып, оқытушылар мен студенттер тарапынан жұмыстар атқарылып жатқаны жөнінде тоқталып өтті. Рәмізге құрмет – біздің басты міндет, деп есептейтін колледж қызметкерлері К. Оразбекова мен Г. Анарбаева баяндама жасап, жиын соңы —  тәрбие ісі бойынша колледж директорының орынбасары Л. Аймбетованың «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышқа айналуы тиіс» — деген  қорытынды сөзімен аяқталды.


Қараша

 2018


 


«Туберкулезден сақтан»

Қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесе отырып колледждің Студенттік Үкімет ұйымы «Туберкулезден сақтан» атты акция өткізді. Акция барысында 1 курс студенттері флеш моб билесе, өнерлі жастар салауатты өмір салтын ұстануға арналған өлең-жырларын оқыды. Сала мамандары болашақ медицина өкілдеріне аталған дерт жөнінде тереңірек түсінік беріп, викториналық ойындар өткізді. Акция соңында колледж студенттері қала жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып,  басқа оқу орындарына эстафета жолдады.


Қараша

 2018


 


«Қыз тағдыры» семинар-тренинг

Колледж психологы А.Төлентаеваның ұйымдастыруымен колледждің Мәдениет үйінде студент қыздрға арналған «Қыз тағдыры» атты семинар-тренинг болып өтті. Кеш қонақтары қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Г.Нуруллаева, акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы Ж.Аликулова және колледж фельдшері Г.Жалғасова ерте жүктіліктің зардаптары туралы студент қыздарға тереңінен түсіндіріп, өз ойларымен бөлісті. Семинардың негізгі мақсаты: кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүктілікті, зорлықұ-зомбылықты болдырмау, оң шешімдерін табу, тығырыққа тірелген жағдайда көмек сұрау. Кеш соңында студенттерге арнайы дайындалған роликтер көрсетіліп, қыздардың көкейлерінде жүрген сұрақтарға сала мамандары жауап берді.


Қараша

2018


 


«Гиппократ» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «URKER MITEC» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Гиппократ» республикалық олимпиадасына колледж студенттері қатысып, жүлделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды. Жеңімпаз студенттерді аталған жеңістерімен құттықтаймыз! Олар:

Белсене қатысқаны үшін: Раимова Шахло, рахымбек Айкерім, Раимова Камола, Құдайберген Ақерке;

3-орын алғаны үшін: Ильяс Шырайлым, Жолдасбек Нұрсезім, Аймырза Динара, Такирова Оразкүл, Тнейбай Мухамеддин, Қуанышбаева Қарашаш;

Жетекшілері: Абдужаппарова Октам, Нарметова Насиба, Ергешов Мухаммадин.


Қазан

 2018


 


Дүниежүзілік қарттар күні

1-қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай №4 «Мейіргер ісі және балалар аурулары» ЦӘБ-нің ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты колледждің ардагер ұстаздарымен кездесу болып өтті. Кездесуге колледжде қызмет етіп, зейнетке шыққан ұстаздар Зина Ерденова, Жахансұлу Аликулова,  Амангелді Маханов сынды ұстаздарымыз қатысып, әсем ән мен жырдан құрмет көрсетілді. Ардагер ұстаздар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, өмір жолымен бөлісті.


Қыркүйек

2018


 


«Ұлттық бірегейлікті сақтау бізге парыз»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ұлттық бірегейлікті сақтау бізге парыз» тақырыбында колледждің мәдениет үйінде зиялы қауым өкілдерімен жастар арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында студент жастар ұлттық бірегейлік жөнінде тереңірек мәлімет алып, қонақтармен естелікке суретке түсті.


Мамыр
2018


ataana 1ataana 2


«Ата-анаға құрмет — ұрпақ алдындағы міндет» 

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің жыл сайын дәстүрлі «Ата-анаға құрмет — ұрпақ алдындағы міндет» атты мерекелік іс-шарасы биыл да өз дәрежесінде атап өтілді. Колледж директоры м.ғ.к., Қ.О.Рысбеков Дүниежүзілік мейіргерлер күнімен орайлас келген іс-шараны жақсы ырымға балап, колледж қонақтары мен ұжым мүшелерін мерекемен құттықтады. Жиын барысында директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Қ.А.Әділбаева, Оқу бөлімінің меңгерушісі А.А.Рысбекова, «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі Г.Байтұрсынова, «Жалпы білім беру» бөлімінің меңгерушісі Л.М.Аймбетова, «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі А.А.Тулентаева, «Емдеу ісі»  бөлімінің меңгерушісі А.Искакова сөз алып, өз бөлімдеріне қарасты мамандықта оқитын білімді, талантты студенттердің ата-аналарына құрмет көрсетіп, алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік жиында колледж тарихынан сыр шертетін фильм көрсетіліп, студенттердің ән-жырына ұласты. Жиын соңында ата-аналар тарапынан сөз сөйлеп, колледж басшылығы мен оқытушыларына жылы лебіздерін жолдады.


Мамыр
2018


«ШЫҒАРМАШЫЛ КІТАПХАНАШЫ – 2018»


«ШЫҒАРМАШЫЛ КІТАПХАНАШЫ – 2018»

Астана қаласында Білім беру-əдістемелік орталығы «New Opportunities» ЖШС Республикалық қашықтықтан өткізілген интернет-байқауында Жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының кітапхана мамандарына арналған «ШЫҒАРМАШЫЛ КІТАПХАНАШЫ – 2018» байқауында колледжіміздің кітапхана меңгерушісі УТЕГЕНОВА АСЕМКУЛЬ АБЛАЕВНА (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі ЖМ) «Кітап – тарих, кітап – қазына» номинациясының жүлдегері атанып, І Дәрежелі дипломға ие болды.


Сәуір
2018


Scannen10001Scannen10003


«Студенттердің ғылыми ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру бағытында «Студенттердің ғылыми ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру» тақырыбында Шымкент қаласында ұйымдастырылған Республикалық ғылыми-теориялық конференцияға Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінің студенттері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп қайтты. Конференция жұмысы үш бағытта: жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық; жалпы кәсіби пәндер; арнайы пәндер бойынша өтті. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша кәсіби дағдыларды жақсартуға, болашақ орта буынды тәжірибелі мамандарды даярлауға өз ықпалын тигізу ниетімен конференцияға республикамыздың 20-ға жуық медицина колледждері қатысты. Солардың қатарында колледжіміздің К-101 тобының студенті Амангелді Ақниет физика, математика пәндерінің оқытушысы Д.Жағыпарованың жетекшілігімен «Күбінің заманауи түрін жетілдіру» тақырыбында конференцияда баяндама жасап, жүлделі 3-орынды иеленді. Сондай-ақ, Аймырза Динара жетекшісі А.Рысбекова, Шәку Ақмарал жетекушісі А.Искакова, Суртибаева Динара жетекшісі М.Ергешов конференцияға қатысып сертификатка ие болды.


Сәуір
2018


IMG 20180425 WA0021IMG 20180425 WA0034


«Үздік кәсіп иесі» инновациялық жобалар көрмесі

Оңтүстік Қазақстан облысы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Үздік кәсіп иесі» инновациялық жобалар көрмесі болып өтті. Көрмеге «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұжымы да бірнеше жұмыстарын ұсынды. Солардың қатарында «Қолдың ұсақ моторикасының реабилитациясы» атты жобаны МК-301 тобының студенті Н.Жолдасбек ( жетекшісі У.Бабажанова) ұсынса, «Аяқ буынының реабилитациясына арналған тренажерлер» атты жобаны ЕК-306 топ студенті Ә.Қыпшақбаева (жетекшісі Е.Нағашбеков) ; «Жүрек қан-тамырлар жүйесінің макеті» тақырыбында ЕК-306 тобының студенті Қуатбек Ақерке (жетекшісі С.Тилеулиев), «Алабота тұқымдасынан сабын алудың әдісін жетілдіру» тақырыбында К-101 тобының студенті Ерман Қаракөз ()жетекшісі А.Шерімбетова; «Күбінің заманауи түрін жетілдіру» атты ғылыми жобаны ұсынушы Амангелді Ақниет (жетекшісі Д.Жағыпарова) иеленіп, үлкен қуанышпен оралды.


Сәуір
2018


IMG 20180502 WA0045


Оқу-дала жиыны

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледж студенттерінің әскери дайындығын шыңдау мақсатында оқу ордамыздың «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқытушысы Қалыбаев Бақыт Шәймерденұлының ұйымдастыруымен 5 күн қатарынан оқу-дала жиыны өткізілді. Оқу-дала жиынының сәтті өтуіне колледж басшысы Қ.Рысбеков, тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ.Әділбаева және колледж студенттері атсалысты.


Ақпан
2018


DSC0187DSC0191


«Дін –зайырлы мемлекеттің рухани тірегі»

Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, дін мемлекеттің тіректерінің бірі – рухани тірегі болып қала бермек. Бүгінгі таңда еліміздің ішінде оңды-солды тіркеліп, діни үгіт-насихат жұмыстарын екпіндете жүргізіп жатқан әртүрлі діни бағыттағы бірлестіктер мен көптеген жат миссионерлердің істері – халқымыздың, ұлтымыздың келешек болмысына, ата дініміздің бекіп өркендеуіне деген алаңдатушылығын туғызып отыр. Еліміздегі бүгінгі діни ахуал жағдайында бұрынғы өлшеммен жұмыс істеуге болмайтыны белгілі ақиқат. Осыған орай «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы М.Қалеке, Орталық «Түркістан –Ахмет Ясауи» мешітінің наиб имамы Е.Киізбаев, Түркістан қалалық емханасының психологы Р.Юлдашев, Жастар ресурстық орталығының теологы Нағызхандардың қатысуымен «Дін –зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты кездесу өтті. Кездесу барысында рухани қолдау танытып, студенттерге маңызды жайттарды түсіндіргені үшін колледж директоры Қ.Рысбеков сөз сойлеп, колледж атынан мамандарға алғысын білдірді.


Ақпан
2018


IMG 20180221 WA0036IMG 20180221 WA0027


«Ауған соғысы – жүректегі жара»

Биыл Ауған жерінде өткен соғыстың тоқтағанына 29 жыл толуына орай Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжі «Ауған соғысы — жүректегі жара» атты кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Ауған соғысы ардагері Тілес Ахай қатысты. Кездесу мезгілсіз кеткен құрбандарды еске алумен ашылды. Бұл шараны колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Әділбаева жүргізді. Кездесу барысында ардагер Тілес Ахай ауған соғысында өткен өмірлері мен қиындықтары, сол соғыста қаншама сарбаздардың қайтыс болғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, 1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналғанын, бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылғанын айтты. 1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15:00 — де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға қеңес әскерлерін кіргізуі, басталғаннан аяқталғанға дейінгі аралықта Қазақстаннан, басқа да Мемлекеттерден үздіксіз азаматтарымыздың Ауғанға аттанып, жазықсыз жау қолынан қаза тапқаны өкінішпен баяндалды. Кездесу соңында студенттердің сұрағына жауап беріп, естелік суретке түсті.


Ақпан
2018


IMG 20180216 WA0017IMG 20180216 WA0022IMG 20180216 WA0032


«Ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу»

Балиғатқа толмаған қыздардың ерте тұрмыс құруы мен балалы болуы мектепті тастап кету, жоғары білім алмау және жұмыссыздыққа әкеледі. Өзі әлі бала, бірақ ана болған соң өз баласын тәрбиелеуі керек, жетілдіруі керек. Материалдық және моральдық қиындықтар жас ананың ерте өмірімен қоштасуына, жасанды түсік жасатуына, сәбиін жетімдер үйіне өткізуге немесе қоқыс жәшігіне тастап кетуге әкеп соқтырады екен. Осы себептердің алдын алу мақсатында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі қалалық жастар ресурстық орталығы КММ-нің бас инспекторы А.Әбдінәбиева, Түркістан қалалық емханасының жасөспірімдер гинекологы Н.Раметова, Ахмет Ясауи мешітінің араб тілі мұғалімі М.Ергешованың қатысуымен «Ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында суицидпен күресетін жүйенің құрылғанының өзі нәтиже. Бұл проблеманы шешуге бір органның, мысалы, жалғыз білім беру жүйесінің шамасы мүлде келмейді. Бұл жерде кешенді жұмыс керек. Бұл жерде білім беру жүйесі де, медицина да, қоғамды психикалық денсаулық туралы хабардар етуде бізге көмектесетін бұқаралық ақпарат құралдары да, қылмыстың алдын алу аясында кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін ішкі істер органдары да жұмыла жұмыс істеуі тиіс. Егер осы органдар жүйелі әрі бірлесіп жұмыс істесе, нәтиже де болатыны сөз етіліп, студенттер сауалдарына жауап алынды


Ақпан
2018


«Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл»


«Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл»

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай қала әкімі Т.Мұсаевтың қатысуымен Түркістан қаласы «Жеңіс» саябағында Ауған ардагерлері мен қала халқына митингісі өткізілді. 1979 жылдан 1989 жылға дейін 10 жылға жалғасқан әскери қимылға Қазақстаннан 22 мыңнан астам азамат аттанды. Олардың мыңға жуығы сол елде жан тапсырды. Бүгін ардагерлердің айтулы мерекесі қарсаңында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі Ауған ардагерлерімен арнайы кездесуге қатысып қайтты. Қазірде елімізде 10 мыңға жуық ауған соғысының ардагері бар екен, соның 3 мыңы мүгедек. Жастығын жалын шарпыған ардагерлерге арнап мемориалды ескерткішке гүл шоқтары қойылып, ардагерлердің азапқа толы күндері туралы естеліктер айтылды.


Ақпан
2018


DSC 5333


Рухани жаңғыру аясында берілген алғыс хат

Түркістан қаласының әкімі Т.Мұсаевтың бұйрығымен Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына және ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай колледжіміздің оқытушысы Оразбекова Камшат Дихановна алғыс хатпен мараптталды.


Ақпан
2018


kara kyldy karazhargyn


«Қара қылды қақ жарған…»

Колледжіміздің 2 курс студенті Алпейіс Гүлнар Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде өткен «Қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасап қайтты. Студентімізге, ғылым саласында шығарың биік болсын!-дегіміз келеді.


Желтоқсан
2017 


talat 1talant 2


«ТАНЫЛМАҒАН ТАЛАНТ»

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, халық әндері, халық композиторларының әндерін жастар арасында кеңінен дәріптеу мақсатында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде «Танылмаған талант» қалалық жас әншілер байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырған Түркістан қаласының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі болғандықтан қатысушылар саны аз болмады.Байқаудың шарттары бойынша әр үміткер 2 әннен (1. Патриоттық ән (Отан, ауыл, ел);2. Еркін тақырып) орындап, әннің орындалу шеберлігі мен сахнада өзін ұстай білуі ескерілді.
Байқау соңында колледжіміздің студенті Асанбай Самат жүлделі екінші орынға ие болып, оқу ордасын қуанышқа бөледі.


Желтоқсан
2017 


idea 1idea 2


«Жаңа педагогикалық идеялар»

2017 жылдың 20 желтоқсанында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұйымдастыруымен «Жаңа педагогикалық идеялар» атты оқытушылар арасында қалалық педагогикалық семинар болып өтті. Семинар Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатын көздегендіктен, семинарда педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру және тәжірибе алмасу үшін арнайы сабақ үлгілері ұсынылды. Педагогикалық әдістерді сараптау үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессор оқытушылары п.ғ.к., доцент Б.Жүсіпова, ф.ғ.к., доцент м.а. Ә.Толысбаева, ф.ғ.м.Р.Есбалаева сарапшылық жасады. Семинарға қатысушылар сабақта қолданылған технологияның тиімділігі; Оқытушының жаңашыл идеялары, шығармашылық жұмыстарының шынайылығы; Тақырыпқа байланысты видеопрезентацияның сапасы; регламентті (10 минут) сақтау бойынша бағаланып, қорытындыланды.


Қазан
2017


pilotty zhoba 1pilotty zhoba 2


«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі пилоттық жобаны қолға алды

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Түркістан қаласындағы «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2017 жылғы «Медициналық білімді жаңғырту» жобасы бойынша «Тәжірибелік денсаулық сақтау ұжымдарында мейіргерлік қызметтің жаңа басқару жүйесін әзірлеу және енгізу» тармағына сәйкес пилоттық жобамен жұмыс жасауда. Пилоттық жобаның мақсаты, тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлік кәсіпке — жоғары колледждердің клиникалық базаларына сәйкес халықаралық талаптарға сай мейіргерлік қызмет көрсетудің жаңа моделін әзірлеу және енгізу болатын. Яғни, Пилоттық жоба «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша дүниежүзілік мейіргерлік ұсынатын білікті мейіргер тәжірибесін жаңғыртуға бағытталған. Енді мейіргер өздерінің мәнсаптық дәрежесін жоғары көтеруге қол жеткізіп қана қоймай, науқастың жағдайын жақсартудың түрлі тәсілдерін меңгереді.
Жоба барысында, топ мүшелерімен байланыс, мейіргерлер тобының жұмысын үйлестіру, басқа денсаулық сақтау мамандарымен байланыс, перспективалық топтың кездесулері мен қызметі, күтімді қамтамасыз етудің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіпқойлар арасындағы араласуды үйлестіру шаралары қамтылатын болады.
Аталмыш жоба аясында колледжіміз ҚР медицина колледждері Одағы басқармасының бастығы, м.ғ.д., профессор Ж.С.Шалхарова, ОҚО ДС басқармасынан аймақтық менеджері А.ААмирбекқызы, Жоғары медицина колледжінен директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е.Баратова және аймақтық денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесіп, Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері А.О.Сакеева, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Б.О.Тореханов, Түркістан қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері С.У.Насырова, №3 облыстық перинатальдық орталылығының бас дәрігері (сол кезде) А.Я.Ильясова және «Санитас» ЕСО-ның бас дәрігері Ө.Д.Исмаилов, т.б.жұмыстарын бастап кетті.


Қыркүйек 
2017


memarandum


Бірлескен ортақ меморандум

ОҚО денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры м.ғ.к. Қ.О.Рысбеков пен «Ай-Тұмар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ф.Байзахова «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру» туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты, жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануға және репродуктивті денсаулық сақтау мен нығайтуға, ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған іс-шараларды ортақ жүзеге асыру боп белгіленді.


Мамыр
2017


sportakiada 1sportakiada 2


Медицина қызметкерлерінің спартакиадасы

Кешегі 20 мамырда өткен ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Сау болған – өте жақсы» ұранымен медицина қызметкерлердің спартакиадасында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі өте жоғары көрсеткішпен бірінші орынға қол жеткізді, деген сүйінші хабар жетті. Колледж қызметкерлерінің ұйымшылдығы мен белсенділігінің арқасында спорт түрлеріне байланысты бірнеше жетістікке жеткенін де қуанышпен айта аламыз. Әсіресе, колледж командасы арқан тартудан үшінші орын, стол теннисінен А.Рысбекова екінші орынды иеленсе, команда бойынша ерлер арасында мини футболдан өткен жарыста колледж қызметкерлері екінші орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, ерлер арасында қол күрестен С.Ирисметов екінші орынды, қыздар арасындағы тоғыз құмалақтан А.Утегенова бірінші орынды, ерлер арасында шахматтан Д.Мисиров бірінші орынды, қыздар арасында шахматтан жүлделі екінші орынды Д.Жағыпаровалар жеңіп алып, обылысқа жолдама алды.


Мамыр
2017


voleibol


Студенттеріміз волейболдан жеңіске жетті

ҚР Білім беру ісінің үздігі, Түркістан қаласы спортының дамуына елеулі үлес қосқан Ұлағатты ұстаз Қамшыбаев Нұрмахан Оспанұлының 63 жас зейнеткерлікке шығуына орай волейболдан өткен қала біріншілігінде колледжіміз екінші орынды қанжығасына байлап, төбемізді көкке жеткізді


Мамыр
2017


Колледж командасы бірінші орын алып, қуантты


Колледж командасы бірінші орын алып, қуантты

Азғантай күннің ішінде үлкен қуанышқа кенелген «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің бөлісері көп. Жақында ғана «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» тақырыбы аясында жастар арасында өткізілген қалалық туристік жарыста «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің командасы бірінші орын алып, қуантты.


Мамыр
2017


Колледж «Халықаралық медбикелер күнін» жаңа форматта атап өтті


Колледж «Халықаралық мейіргерлер күнін» жаңа форматта атап өтті

Дүние жүзі бойынша мейіргерлердің тұңғыш қайырымдылық қызметін ашқан Флоренс Найтингейл (Florence Nightingale) құрметіне тойланатын халықаралық медбикелер күні Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінде жаңа форматта атап өтті.Колледждің ұжымы мен студенттері бір-біріне деген құттықтауларын салтанатты жиынға айналдырмай, колледж қалашығының түкпір-түкпірінде отырып-ақ тілектерін жолдады. Колледждің радиоторабы бұл күнгі ізгі тілектер мен жылы лебіздерді желі арқылы дамылсыз хабарлап отырды. Колледждің қызметкерлері мен болашақ медбикелер бұл күннің қуанышын ашық аспан астында тамашалады. Мереке құтты болсын, мейірімді жандар!


Мамыр
2017


birlik 2birlik 1


«Бірлік бар жерде-тірлік бар»

Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесінде Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінің ынтымағы танылды. Колледж директоры Қ.Рысбеков бастаған колледждің оқытушы-профессор құрамынан бастап, әкімшілік құрылымы мен колледж студенттері бірігіп, Түркістан қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шеруде белсенділік танытты. Шеруде өтіп бара жатып, медициналық колледждің тәжірибесінде қолданылатын алғашқы жедел жәрдем бойынша қойылым дайындап, қала жұртшылығының назарын аударды. Ынтымағы жарасқан оқу ордасының белсенділігі мен мамандығына деген құрметі — колледж қызметкерлерінің шәкірт тәрбиелеудегі бейнесін шынайы болмысы айқындап тұр. Колледж ұжымына берекең мен бірлігің ортаймасын!-дейміз.


Сәуір
2017


tulek 1tulek 2tulek 3


«Үздік түлек-2017»

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев бір сөзінде: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деген еді. Ел дамуының басты көрсеткіштерінің бірі – халық денсаулығы десек, сол денсаулықтың қорғаны болар жанның бірі – медбикелер. Колледжіміздің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үздік түлек-2017» байқауы, биыл да өз мәресіне жетті. Жыл бойы білім мен тәжірибені ұштастырып, білім алған бітірушілер «Үздік түлек-2017» байқауында көпшіліктің алдына шығып, түрлі сыннан өтті. Сайыс бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады: 1-кезең: Үй тапсырмасы. «Өткенді бағалаймыз, бүгінмен мақтанамыз, болашақты жасаймыз». Бұл кезеңде қатысушылар мамандық квалификациялық мінездемесін меңгергендігін, медбике бейнесіндегі мейірімділіктің шынайылығын көрсете білуі тиіс. 2-кезеңде, «Мамандығым — мақтанышым»деп, әр студент манипуляциялық, тәжірибелік дағдылар бойынша тапсырмалар орындайды.3-кезеңде,«Нұрлы жол — жүрегіміз бен ісімізде». Сұрақ-жауап сайысы. Шәкіртінің болашағына немқұрайлы қарамайтын «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі биыл да, өмірдің жаңа белесіне қадам басқалы отырған түлектерін тағы бір сынақтан өткізіп, медициналық білімдері мен тәжірибелік дағдыларының орныққанына көз жеткізді.«Үздік түлек-2017»байқауында «Емдеу ісі» бөлімінен ЕК-401 тобының студенті Өмірзақ Рахматулла бас жүлдені, ЕК-403 тобының студенті Шәріп Айдана 1-орын, ЕК-402 тобынан Әбен Айткүл, АК-401 тобының студенті Азизханова Дилхумар 2-орынды, ЕК-401 тобының студенті Айтқожа Ақнұр 3-орынды иемденді. «Медбикелік іс» бөлімі бойынша МК-401 тобының түлегі Тастанбай Мария «Үздік түлек-2017» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. МК-401 тобынан Тұрсын Жазира 1-орын, МК-404 тобынан Оразбаева Дилшода және МК-403 тобынан Асқар Несібелі 2-орын, МК-405 тобынан Байгөбекова Аяжан 3-орын қол жеткізіп, қуанышқа кенелді. Бітірушілерге колледж ұжымы «Жолың болсын, жас түлек!» деген тілек білдірді.


Наурыз
2017 


IMG 1471


Жасыл аймақ

Колледж студенттері көктем мезгілі басталысымен Жастар орталығымен бірлесіп көгалдандыру мен тазалық жұмысына белсене араласып кетті. Қала аумағындағы бос жатқан жерлерге ағаш отырғызып, түркі әлемінің мәдени астанасы Түркістанның жасыл аймаққа айналуына өз үлестерін қосуда.


Наурыз
2017 


Жол картасы 2020


Жол картасы-2020

Колледжде жастар саясатын қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020», «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы» және нәтижелі жұмыспен қамтуды жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 3-4 курс студенттеріне мекеме мамандарымен бірлескен, түсіндірме жұмысы жүргізілді.


Наурыз
2017 


«Рухани астананың жастарымыз!»


«Рухани астананың жастарымыз!»

Түркістан қаласының 2017 жылы түркі тілдес халықтардың рухани астанасы аталуына және ұлыстың ұлы мерекесіне орай Түркістан медицина колледжінде өткізілген волейбол турнирынан колледж командасы жүлделі 2-орынды иеленді.


Наурыз
2017 


madeni astana


Түркістан – түркі халықтарының мәдени астанасы

Рухани астана Түркістан 2017 жылы түркі халықтарының мәдени астанасы болып жариялануына байланысты қаламызда үлкен мереке болып өтті. Атаулы думанға колледж ұжымы да өз үлесін қосты. 12 қанатты киіз үй тігіліп, түркі елінен келген қандас бауырларымызға арнап дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Әз Наурыз, елімізге құт-берекесін ала келсін!


Ақпан
2017


kytai mamany


Қытай маманы біздің медициналық орталықпен бірлесіп қызмет көрсетуде

Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжі шетел мамандарымен клиникалық пән бойынша оқытушы-дәрігерлерінің біліктіліктерін арттыру және емдеу-профилактикалық жұмыстарын жүргізу мақсатында ынтымақтастық құрды. Шығыс медицинасының тәсілдері негізінде «Жан Дауа» остеопатиялық медицина орталығымен бірлесіп Қытай республикасының білікті маманы Пан Ай Го бүкіл Түркістан аймағының науқастанған тұрғындарына емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуде. Аймақ тұрғындарының пікірінше емдеу-сауықтыру жұмыстары жақсы нәтиже көрсетуде.


Қаңтар
2017


Туркестан каз


Колледж аккредиттеу мәртебесіне ие болды

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі өзін-өзі бағалау бойынша аккредиттеуден сәтті өтті. Аккредиттеу нәтижесі бойынша институционалдық аккредиттеу және мамандандырылған аккредиттеу мәртебесіне ие болды.


Желтоқсан
2016


001


Колледж Республикамыздағы Мейіргерлік білімді реформалау жұмыстарына қатысты

Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінің бас директоры, м.ғ.д. Ж.С. Шалхарова және директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е. Баратова «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавиаттарға арналған жеделдетілген білім беру стандартын дайындау комиссиясының мәжілісіне қатысты.


Желтоқсан
2016


mamandyrylgan institutsionaldyk


Колледж мамандандырылған және институционалдық аккредитациядан өтуде

Колледж мамандандырылған және институционалды аккредиттеуден табысты өтті.


Желтоқсан
2016


Бақытты балалық шақ


Бақытты балалық шақ

Жаңа жыл мерекесіне орай мүгедек балаларға арналған «Демеу» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып колледж студенттері мүгедек балалар мен олардың ата-аналарына арнап «Қош келдің, Жаңа жыл»атты қайырымдылық кешін өткізді. Қонақтарға арнап арнайы жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік дастархан жайылды.


Желтоқсан
2016


maktanysh


Білім сапасындағы мақтаныш

“Түркістан” көпсалалы жоғары медицина колледжі Қазақстан Республикасы бойынша колледжер арасында үздік көрсеткішке ие болып “Білім сапасының мақтанышы” медалімен, сапалы басқару және ұйымдастырушылық дағдылар мен еңбек жетістіктері үшін “Бейімділік. Даналық. Білім” қабырға медалімен және “Білімге зор үлес қосқаны үшін” орденімен марапатталды.


Желтоқсан
2016


uzhym katyskan seminar


Ұжым қатысқан семинар

Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі колледждің бірқатар оқытушыларын «Институтционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау есебін дайындауы» атты семинарына қатысқаны үшін колледж қызметкерлеріне арнайы СЕРТИФИКАТ ұсынды


Қараша
2016


Денсаулық фестивалі – 2016


Денсаулық фестивалі – 2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткен ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жыл сайын өтетін «Денсаулық фестивалі-2016» акциясында «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» ұранымен белсене қатысқаны үшін колледж алғыс хатқа ие болды.


Қараша 
2016


25


«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі әлемдік деңгейдегі университетке қадам жасады

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2016-2017 жаңа оқу жылын шетелдік JAMK және Lahti қолданбалы ғылымдар Университетімен бірлесе отырып жұмыс жасаудан бастамақ.
Lahti Университетінің ғалымы, PhD, бас сарапшы Johanna Heikkilaның жетекшілігімен педагогика саласы бойынша оқытушылардың деңгейін көтеріп, қолданбалы бакалавриаттың стандарттарын оқу жүйесіне енгізу мақсатында “Түркістан” көпсалалы жоғары медицина колледжі мен Финляндия мемлекетінің Jamk және Lahti Университеттері арасында Мейірбике ісі бойынша қолданбалы бакалавриат мамандарын дайындау мәселесі бойынша меморандумға қол қойылды.


Қараша 
2016


Shenberlik synyptan otti


Колледж қызметкерлері шеберлік сыныбынан өтті

Түркістан көпсалалы медицина колледжінің қызметкерлері директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е. Баратова, терапиядағы медбикелік іс пәнінің оқытушылары дәрігер Нарметова Н.Қ., дәрігер С.Тілеулиевтер «Мейірбике ісі» мамандығы негізінде“Қолданбалы бакалавиаттарға” арналған жеделдетілген білім беру бағдарламасы бойынша: «Құзіреттілікке негізделген педагог кадрлардың потенциалын көтеру cаясатымен “Мейірбикелік білім беру саласындағы Қолданбалы бакалаврлардың дипломдық жұмыс процесі” тақырыбында шеберлік сыныбына қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. (Қазақстан-Финляндия 2016ж.).


Мамыр 
2016 


«Педагогикалық ізденіс» жеңімпазы анықталды


«Педагогикалық ізденіс» жеңімпазы анықталды

Колледждің философия және мәдениеттану пәнінің оқытушысы Г.Мамбетова үстіміздегі жылы өткен «Педагогикалық ізденіс» атты оқытушылар арасында облыс деңгейінде өткен сайыста жүлделі ІІ орынды иеленді


Мамыр 
2016


b246cd2a0d6613c457f009abc1dcd4d4 resize w 520 h


Мейірбикелер съезді

Колледж оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлерінің халықаралық және республикалық деңгейде өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен Халықаралық мейірбикелер күніне арналып өткізілген «Мейірбикелердің ІІІ съездіне» 3 оқытушы-профессор делегат болып қатысты.


Сәуір
2016 


5586758a4cde71434875274


«Үздік түлек-2016»

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша медицина колледжерінің «Медбикелік іс» мамандығы бойынша бітіруші түлектер арасында өткізілген «Облыстық медицина колледждерінің 2016 жылғы үздік түлегі» атты сайысына МК-401 топ студенті Махсудова Дилфуза жетекшісі Тілеулиев Саматпен қатысып, 3-орынды иеленді.


Сәуір
2016


Үздік акушер – 2016


«Үздік акушер – 2016»

Сәуір айының 4 жұлдызы күні «Үздік акушер-2016» сайысы болып өтті. Аталған сайысқа АК-401 студенттері Амангелдиева Малика, Оразқұл Самал, АК-402 топ студенттері Әнияр Мөлдір, Ілескен Әсел сынды студенттеріміз қатысты. Сайыс нәтижесінде қарсыластарынан ұпай саны бойынша озған Әнияр Мөлдір 1 орынды иеленіп, «Үздік акушер-2016» номинациясына ие болды


Наурыз
2016 


Үздік медбике 2016


«Үздік медбике-2016»

30.03.2016 күні колледждің мәдениет үйінде «Үздік медбике-2016» сайысы өткізілді. Сайысқа :Махсутова Дилфуза, Досжанова Фарида, Нуруллаева Шахзода, Ратқұл Ляззат, Оразмет Ұлжалғас, Закіржан Айман, Бекенбай Дәне сынды студенттеріміз қатысты. Тартысты өткен сайыста МК-401 топ студенті Махсутова Дилфуза «Үздік медбике-2016» номинациясын иеленіп, бас жүлдені алды. Сонымен қатар облыстық байқауға жолдама алды.


Наурыз
2016


Үздік фельдшер – 2016


«Үздік фельдшер – 2016»

29.03.2016 күні жыл сайынғы дәстүр бойынша «Үздік фельдшер-2016» сайысы өткізілді. 4 кезеңнен тұрған сайысқа Қалықұлова Сымбат, Тұрсынқұлов Талғат, Сахи Динара, Әуелхан Қаршыға, Қуаныш Қанат, Маматханов Анарбай сынды студенттеріміз қатысты. Қарсыластарынан оза шауып, сайыс жеңімпазы болашақ фельдшер — Тұрсынқұлов Талғат атанды


Наурыз
2016


Спортшы қыздар


Колледждің спортшы қыздары

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай оқушы және студент қыздар арасында волейболдан өткен жарыста колледждің қыздар командасы 2-орынды иемденді. Жеңістеріңіз құтты болсын!


Наурыз
2016


IMG 9858


Түркістан аруы –біздің колледжде

Қазақ халқы қашан да ұлын нарға, қызын арға балап, ізеттілігін келіннен тауып, көңілінің дархандығын кең даласымен өлшеген. «Қызың өссе – өрісің» деп қызға ерекше құрмет көрсеткен. Бүгінгі қоғамда халқымыздың қыз бала тәрбиесіндегі қалыптасқан дәстүрін насихаттау басты назарда тұруы қажет.
Осы мақсатқа сәйкес, 2016 жылы Түркістан қаласында қыздар арасында өткізілген «Шолпы» арулар байқауы өткізілді. Байқауда аруларымыз әрқилы салада сынға түсті. Нәтижесінде, қазақ аруына тән қасиеттерді жоғары деңгейде көрсете отырып, сапалы өнерімен тәнті етіп Бердіқұл Қазына 1-орынды иеленді.Қадамың биікке өрлей берсін, қазақ арауы!


Қыркүйек
2015


tkmk


ТКМК-і Дуальды оқыту жүйесін енгізді

Түркістан көпсалалы медицина колледжінде әлеуметтік серіктестік шеңберінде дуальды оқыту жүйесі енгізілді.
Дуальды оқыту жүйесіколледждің негізгі клиникалық базасы “Санитас” ЕСО, “Жан Дауа” остеопатиялық медицина орталығы, Жаңақорған шипажайы АҚ жәнеЖаңақорған аудандық медициналық мекемелерімен ынтымақтастық шарттар арқылы жасалынды.


Қыркүйек
2015


H48A0239


Жаңа технология — жаңа емтихан түрі

“Түркістан” көпсалалы медицина колледжінде 2015 жылдан бастап студенттердің тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын ОСКЭ/ОҚКЕ технологиясы бойынша бағалау критерийлері, чек парақшалары дайындалып, колледждің «Виртуалды клиникасында» сынала бастады.
Ол үшін «Студенттердің тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын ОСКЭ/ОҚКЕ технологиясы бойынша бағалаудың әдістемелік нұсқауы» әзірленді.


Қыркүйек
2015


Стратегияға енген өзгеріс


Стратегияға енген өзгеріс

2015 жылдан бастап Колледждің стратегиялық даму жоспарына өзгерістер енгізіліп, колледж оқытушыларын ағылшын тілін оқыту курсы басталды. Ағылшын тілін оқыту бойынша 2 топ құрылды: бірінші топтың құрамына клиникалық пәндердің оқытушылары мен менторлар (6 оқытушы) енгізіліп сабақтар жеделдетілген бағдарлама бойынша жүргізіледі (аптасына 8 сағат), екінші топтың құрамына жалпы кәсіптік және т.б пән оқытушылары мен ӘБҚ енгізіліп, аптасына 4 сағат сабақ жүргізіледі. Курсты ағылшын тілі пәнінің оқытушысы М.А.Қалдарбекова жүргізеді. Алдағы уақытта клиникалық пән оқытушыларын шет ел бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттыру жоспарлануда.


Қыркүйек
2015


880abf483b0b6f426f690e34dd18b4e8ad


Колледж халықаралық ресурсқа қол жеткізбек

“Түркістан” көпсалалы медицина колледжі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында жасалынған шарт бойынша колледждің оқытушы-профессордар құрамы мен студенттер алдыңғы қатарлы “Thomson Reuters”, “Elsevier”, “Springer” сияқты әлемдік электронды базаларды қолдану мүмкіншілігіне ие болып отыр.


Мамыр
2014


1035550 b


Колледж оқытушылары СМЖ ішкі аудиторы атанды

Сәуір айында Түркістан көпсалалы медицина колледжінің 4 оқытушысы Шымкент қаласындағы «Менеджмент жүйесін дамыту» тақырыбында өткізілген курсында біліктіліктерін арттырып «СМЖ ішкі аудиторы» сертификатына ие болды.


Қараша
2014


kolledj okytushylary orleude


Колледж оқытушылары «Өрлеуде»

Қараша айында колледжіміздің 23 оқытушсы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтында «Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды енгізудің тиімді жолдары» тақырыбында өткізілген курсқа қатысып, білімдерін арттырып қайтты.


Сәуір
2013


findiktermen shenber


Финдіктермен өткізілген шеберлік сыныбы

2013 жылдың сәуірінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша ҚР МЖМБС құрастыру шеберлік сыныбы өтіп, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты дайындалды. Оған қатысқан авторлық ұжым мүшелері болып, “Джи-Ай” Холдингінің вице президенті, “Түркістан” көпсалалы медицина колледжі директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е. Баратова (Қазақстан-Финляндия 2013ж.) қатысты.


Ақпан
2012


Оқытушылар тағылымдамадан өтті


Оқытушылар тағылымдамадан өтті

Үстіміздегі 2012 жылы Колледж оқытушылары Е.Баратова, М.Ергешов, Д.Сейтходжаева «Білім беру бағдарламаларын дайындаудағы құзіреттілік тәсілдеме» атты курс бойынша Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Медициналық білім беру орталығында тағылымдамадан өтті.


Қыркүйек
2010


baspamenbailanys



Баспамен байланыс орнады

Колледж оқытушыларының мақалаларын жариялау мақсатында оқу ордасы көптеген баспа ұйымдарымен ынтымақтастықта байланыс орната бастады. Оқытушы-профессорлардың ғылымның әр саласында Әлеуметтік серіктестік өзекті мәселелерге арналған мақалалары «Ибн Сина — информ», «Оңтүстік Қазақстан», «Оңтүстік ұстаздары», «Түркістан», «Тұран» газеттерінде, Мейірбике ісі бойынша «Вестник» ақпараттық республикалық журналы, «Мейірбике ісі» республикалық кәсіби журналы, «Просвещение» педагогикалық Интернет журналы, «Ашық сабақтар» сайттарында, халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық ғылыми – тәжірибелік конфенренция материалдарының жинақтарында, т.б. басылымдарда жариялауына мүмкіндік көбейді.


voleiboldan turnir


Волейболдан турнир

23 маусым Қазақстан полициясы күніне орай, Түркістан ішкі істер бөлімінде қызмет барысында қаза болған қызметкерлерді еске алу мақсатында өткізілген волейбол турнирінде колледждің «Денсаулық» командасы 3-орын иеленді