ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің

Ғылыми-педагогикалық кеңесі

 

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі оқу орнының педагогикалық және ғылыми Кеңесі қызметтерін біріктіріп, Ғылыми-педагогикалық Кеңес болып жұмыс атқарады. Ғылыми-педагогикалық Кеңес Ереже бойынша жұмыс істейді. Кеңестің Ережесі «Бастапқы және орта кәсіптік білім беру оқу орындарының педагогикалық Кеңес жұмысын, қызметін ұйымдастыру туралы Ереже» негізінде құрылған.
Колледждің оқытушы-профессорлар құрамының кәсіптік және ғылыми тұрғыда дамуына жағдай жасауды; Ұжымда ғылыми ойлау қалыптасуының дамуына және медицина-биологиялық және фармацевтік ғылым төңірегінде ғылыми зерттеулер жүргізуге ынталандыруды; Қоғамның әлеуметтік-экономикалық базасының алдағы дамуы мен оған қойылатын талаптарды есепке ала отырып мамандарды дайындау сапасын үнемі жетілдіруді Кеңес өзіне міндеттейді.

Кеңес мынадай құрамда жұмыс атқарады: директор (Кеңес төрағасы), директордың орынбасарлары, ЦӘБ төрағалары, бөлім меңгерушілері, кітапхана меңгерушісі, колледждің клиникалық базаларының, лық емдеу-алдын алу мекемелері және структуралық бөлімдерінің басшылары және студенттік Үкімет мүшелері.

Кеңес қызметінің негізгі бағыттары бойынша ҚР Үкіметінің қаулылары мен ереже, нұсқаулық, бастапқы және орта кәсіптік білімі бар мамандарды дайындау туралы жоғары ұйымдардың нұсқауларын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; Сондай-ақ, Оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстардың сапасын арттыру, оқыту әдістерін жетілдіруде; Колледжде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және оның орындалуын қадағалауға; Колледж қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу және іздену жұмыстарын талқылауға; колледж мамандарын өз құзыреттілік деңгейінде аттестауға; Оқулықтарды, оқу құралдарын, әдістемелік құралдар мен нұсқауларды, монографияларды қарап, баспаға ұсынуға пікір білдіруге Кеңестің құқы бар.
Ереже  бойынша Кеңес қызметінің өз тәртібі белгіленген. Кеңес жұмысы оқу жылына құрылған жоспар бойынша жүргізіледі. Кеңес төраға белгілеген мерзімде 2 айда бір рет жиналып, Кеңес отырысында талқыланған мәселелер бойынша хаттама толтырылып, шешім қабылданады. Шешім бойынша оның орындалу мерзімі және орындауға міндетті тұлға көрсетіледі.