ГРАНТТАР

Гранттар

granty

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі Erasmus халықаралық стипендиясының иегері – ProInCa консорциумымен серіктес. «ProInCa — Денсаулық сақтау қызметтері үшін көшіп-қонуға арналған жоғары білім берудің инновациялық әлеуетін көтеру».

  • ProInCa консорциумының құрамына кіретіндер:
  • Еуропалық университеттер: қолданбалы ғылымдар университеті JAMK (Финляндия), Lahti қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия), Hanze қолданбалы ғылымдар университеті (Нидерланды), Анжела Боскин денсаулық факультеті (Словения);
  • Қазақстандық университеттер: Назарбаев Университеті, «Астана» медициналық университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті;
  • Қауымдастырылған еуропалық серіктестер: Мейіргер ісі ғылыми-зерттеу қоры (Финляндия), Гронинген медициналық университеті (Нидерланды).
  • Ассоциацияланған қазақстандық серіктестер: Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжі, Астана қаласындағы жоғары медициналық колледжі, Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі, Теміртау медициналық колледжі, Екібастұз медициналық колледжі, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, «Темір жол ауруханасы» АҚ, Ақтөбе қаласындағы медициналық көмекжедел жәрдем ауруханасы, Қарағанды қаласының № 1 емханасы, Семей қаласының №2 көпбейінді ауруханасы, «Парыз» мейіргер ісі маманы.

Жобаның мақсаты:

  • Академиялық ұлттық және халықаралық қоғамдастық пен қоғам арасындағы әріптестік және білім алмасу тетіктерін жасау.
  • Медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын күшейту үшін, медбикелердің зерттеулерін, білімін және практикасын дәлелдеуге негізделген Мейіргер ісін жүргізудің озық тәжірибесін үйрету
  • Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен қауіпсіздігін жоғарылату мақсатында дәлелді практикаға негізделген мейіргер саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін дамытуда жоғары оқу орындарының рөлін күшейту.
  • Денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту үшін мейіргердегі басшылық пен басқарушылық әлеуетті күшейту.

2018-2019 оқу жылынан бастап «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 030200 0-«Мейіргер ісі» мамандығы 030205 4-«Қолданбалы бакалавр» біліктілігіне ҚР ДСМ ___  _____  2018 ж. №   бұйрығы негізінде республикалық мемелекеттік тапсырыс/ Грант бойынша оқуға қабылдайды.

Жазылу