headerimage
Негігі бет Түркістан шахары
Түркістан шахары PDF Print E-mail

Ахмет Иасауи кесснесінің салынуына байланысты (XIV) Иасы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен - "Хазірети Түркістан" деп атала бастады. XVI ғасырдан бастап "Түркістан" атауы қалаға мықтап бекиді. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігі - цитаделі және оны қоршаған шахарістаны сақталған. Цитаделінің көлемі - 2,6 гектар, шахарістаны -23,5 гектар. Рабадының оңтүстік бөлігі ғана сақталған, көлемі - 50 гектарға жуық. Қаланың цитаделінде археологиялық зерттеулер 1930 жылдардаи (М.Е.Массон) бсрі жүргізіліп келеді. Сонғы жылдардағы зерттеулерді 1981 жылдан бастап Түркістан археологиялық экспедициясы жүргізіп келеді. 1997-1999ж.ж. жүргізіліп зерттеулер нәтижесінде қаланың цитаделі мен шахірстаны XV ғасырдың басында қалыптасқандығы анықталды. Екеуі де бекініс қорғанымен қоршалған, цитаделінің екі, шаһарістанының төрт қақпасы болғандығы тарихи деректерден белгілі.

Археологтар ертедегі Иасының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7-12 ғасырларда Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Иасы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Иасауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Иасауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басына мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек Жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға тәуәп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Иасы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарық көрген Киракос Гандзакенцидің "Армения тарихы" атты еңбегінде кездеседі. Бұл еңбекте Иасы қаласы Асон деген атаумен берілген. Иасы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 жылы Иасыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Иасауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір бөлігін Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салуға жұмсайды. Иасы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаһристан, рабад қалыптасты. 15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Йезди Иасыны шағын елді мекен болды деп атап корсетсе, ал 16 ғасырда Руз-бехан Исфахани "Михманна-ме-и Бұхари" атты шығармасында Иасыны былайша суреттейді: "Аса қасиетті Қожаның сағанасы орналасқан Иасы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Иасы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын болды". 15-17 ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабиға Сұлтан Бегім (15 ғ.), Есім хан (17 ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Иасы қ. Ақназар ханның иелігіне айналды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден бастап Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады.

18 ғасырда жоңғар шапқыншылықтары қаланы құлдыратып жіберді. 1819-64 жылы Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. 19 ғасырдың 60-жылдары Түркістанда 20-ға жуық мешіттер, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мындай тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскерлері жаулап алды. 1872 жылдан уездік қала аталды. 20 ғасырдың басында Түркістан 1400 га-дай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда темір жол вокзалы салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты қалалық училище, қыздар училищесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 жылы 15236 адам болды. Өнеркәсіп және сауда орындарынан 1912 жылы 4 мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, 5 кірпіш зауыттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 жылы 6-9 қаңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының съезі өтті. Съезде Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылу мәселесі қаралды. Онда Сырдария қазақтары Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім қабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы болды. Қалада білім беру, мәдени мекемелерінен Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, медициналық колледж, педагогикалық колледж, кәсіптік-техникалық, музыкалық, спорт, жалпы білім беретін мектептер, орталық кітапхана, "Яссы" халықтық фольклорлық ансамблі, Сазды-драма театры жұмыс істейді. Денсаулық сактау саласынан қалалық емхана, диагностикалық орталық, жедел жәрдем, дәріханалар бар. Түркістанда "Түркістан" баспасы, "Әзіретті Түркістан", "Ұстаз" газеттері, "Түркістан тынысы", "Тұран Түркістан" телеарналары жұмыс істейді. Қалада ардагерлер үйі, қонақ үйлер, саябақтар, Саттар Ерубаев, Нұртс Оңдасынов, Нәзір Төреқұлов атындағы және тарихи-этнографиялық мұражайлары бар. Қалада жөндеу-механика, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттар, тағы басқа кәсіпорыңдар жұмыс істейді.

 
Designed by vonfio.de