Қаңтар 2019 |
|
«Кітап — білім бұлағы» 2019 Кітапхана көркін келтіретін ондағы кітаптар мен оқырман. Колледжіміздің оқу ғимараты мен жатақханасында орналасқан кітапхана залы колледж қызметкерлері мен студенттеріне демалыссыз қызмет көрсетіп қана қоймай өз оқырмандарына құрмет көрсету мақсатында жиі кездесулер мен шаралар ұйымдастырып тұрады. Бүгін де сондай ниетпен жыл басының алғашқы күндерін «Кітап — білім бұлағы» атты айдармен оқырмандар арасында сұхбат өтті. Шараны ұйымдастырған кітапхана және ақпараттық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Утегенова «Білімнің, рухани қазынаның қайнар бұлағы — кітап. Ол үшін өз кітапханаңды құра білу керек. Кітапты бір оқып қанағат тұтпа, қайтадан оқы, деген ниетпен 2019 жылдың алғашқы шарасын оқу ордамызда сұхбат өткізуден бастауды жөн көрдік»-дейді. Сұхбатқа қатысқан 3-курс студенттері кітапханада күн өткен сайын электронды оқулықтардың қатары көбейіп, білім әлемін терең аралауға жағдай туғызып отырған Джи-Ай холдингінің президенті, профессор С.Шалхаровқа, колледж директоры Қ. Рысбековке айтар алғыстары шексіз екенін жеткізді. Пікірталастырушылар, медицина саласына қатысты кітаптардан өзге көркем әдебиеттерді де, күнделікті басылымдарды да, тіпті тегін интернет қызметі мен республикалық кітапханалар ресурсын еркін пайдалану – мамандардың білімін кеңейтуде бірінші орындағы мәселе екенін баса сөз етті. Шара соңы студенттердің жалынды жырларымен аяқталды. |
Қаңтар 2019 |
|
«Кітап — білім бұлағы» Кітапхана көркін келтіретін ондағы кітаптар мен оқырман. Колледжіміздің оқу ғимараты мен жатақханасында орналасқан кітапхана залы колледж қызметкерлері мен студенттеріне демалыссыз қызмет көрсетіп қана қоймай өз оқырмандарына құрмет көрсету мақсатында жиі кездесулер мен шаралар ұйымдастырып тұрады. Бүгін де сондай ниетпен жыл басының алғашқы күндерін «Кітап — білім бұлағы» атты айдармен оқырмандар арасында сұхбат өтті. Шараны ұйымдастырған кітапхана және ақпараттық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Утегенова «Білімнің, рухани қазынаның қайнар бұлағы — кітап. Ол үшін өз кітапханаңды құра білу керек. Кітапты бір оқып қанағат тұтпа, қайтадан оқы, деген ниетпен 2019 жылдың алғашқы шарасын оқу ордамызда сұхбат өткізуден бастауды жөн көрдік»-дейді. Сұхбатқа қатысқан 3-курс студенттері кітапханада күн өткен сайын электронды оқулықтардың қатары көбейіп, білім әлемін терең аралауға жағдай туғызып отырған Джи-Ай холдингінің президенті, профессор С.Шалхаровқа, колледж директоры Қ. Рысбековке айтар алғыстары шексіз екенін жеткізді. Пікірталастырушылар, медицина саласына қатысты кітаптардан өзге көркем әдебиеттерді де, күнделікті басылымдарды да, тіпті тегін интернет қызметі мен республикалық кітапханалар ресурсын еркін пайдалану – мамандардың білімін кеңейтуде бірінші орындағы мәселе екенін баса сөз етті. Шара соңы студенттердің жалынды жырларымен аяқталды. |
||
Желтоқсан 2018 |
|
Оқу ордасы жылды қорытындылады«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2018 жылды қорытындылап, Джи-Ай Холдингінің президенті С.Ш Шалхаров пен колледж директоры Қ.О. Рысбековтің қатысуымен есеп беру жиналысы өтті. Әр жылдың өз жаңалығы болатыны сынды білім ордасының да айтулы жаңалықтары болғанын басшылық тағы бір еске салып, ұжымға алғыс білдірді. Әсіресе, 2018-2019 оқу жылында колледжімізге 1-курсқа қабылданған студенттерге алғаш рет мемлекеттік гранттың бөлінуі жылдың айтулы жаңалығы болды. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алушы 50 студент мемлекет тарапынан оқып, стипендиямен қамтамасыз етілуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы», сондай-ақ, «Ұлы даланың жеті қыры» сынды көтерілген құндылықтар аясында атқарылған жұмыстар жөнінде колледж орынбасарлары Е.Е. Баратова мен Л.М. Айымбетова баяндады. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Қолданбалы бакалавр мамандарын дайындау оқу ордамыздың білім беруде Финдіктермен жиі шеберлік сыныбын ұйымдастырып, мамандарымыздың Астанада, Алматыда, Таразда, Қызылордада, т.б. қалаларда біліктіліктерін жетілдіруі – сала мамандарын халықаралық сипатта дайындаудың үлгісі болатын, деп жеткізді, Қолданбалы бакалавр бөлімінің меңгерушісі Б.Р. Бабашева. Ұзаққа созылған есеп беру жиынының соңы жаңа жылға арналған жақсы тілектермен аяқталды. |
||
Желтоқсан 2018 |
|
Оқу ордамыз SKYPE арқылы Халықаралық сарапшылардың оң бағасын иеленді 2018 жылдаң 11 қарашасында JAMK (Финляндия) Қолданбалы ғылымдар университетінің халықаралық сарапшыларымен өткен сұхбаттың қорытындысы бойынша вице-министр Л.М. Ақтаеваның бұйрығына сәйкес оқу ордамыз SKYPE арқылы Халықаралық сараптаудан өтті. «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі SKYPE-келіссөзіне қатысқан санаулы оқу орындарының қатарында. Колледжіміздің мейірбикелік білім беруді дамытуға бағытталған стратегиялық даму жоспары (СДЖ) халықаралық сарапшылардың оң бағасын алып, Қазақстан Республикасындағы медициналық колледждер арасында «өте жақсы» деген бағаға ие болған екі оқу орнының бірі атанды. Білім ордасының бұл жетістігі – колледждің стратегиялық даму жоспарының (СДЖ) шетелдік/еуропалық талаптарға сай екенін көрсетеді. |
||
Қараша 2018 |
|
Жаңғырған елдің жастары – ұлт болашағы «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде Студенттер күніне арналған Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Жаңғырған елдің жастары – ұлт болашағы» атты салтанатты ісшарасы болып өтті. Шара барысында Джи-Ай холдингінің президенті С.Ш. Шалхаров, колледж директоры Қ.О. Рысбеков, директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е. Баратова, директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Л.М. Аймбетова, оқу-әдістемелік орталық меңгерушісі А.Ә. Рысбекова 2018-2019 оқу жылында оқуға қабылданған 1-курстарды студенттер қатарына қабылдануымен құттықтап, болашақтарына сәттілік тіледі. Білім мен ғылымға қадам басқан студенттердің ең құнды құжаттары саналатын Білім кілтін ҚББ-101 тобының студенті А.И. Оңалбекке, Символикалық сынақ кітапшасын Ек-202 тобының студенті Ш.Бектаев пен МК-201 тобының студенті А.Раимбековаға, Символикалық студенттік билетті К-101 тобының студенті Е.Балтабай мен К-102 тобының студенті Б.Сортабаеваға салтанатты түрде табыс етті. Құжаттарын ресми түрде қолға алған 1-курс студенттері барша ұжым мен білімгерлер алдында «Студенттік АР-НАМЫС кодексі» бойынша ант қабылдады. Мерекелік кеш бітіруші курстардың концерттік бағдарламасы мен оқу ордасында өткен қайталанбас сәттерінен қойылған көріністерімен жалғасты. |
||
Қараша 2018 |
|
«Гиппократ» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «URKER MITEC» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Гиппократ» республикалық олимпиадасына колледж студенттері қатысып, жүлделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды. Жеңімпаз студенттерді аталған жеңістерімен құттықтаймыз! Олар: Белсене қатысқаны үшін: Раимова Шахло, рахымбек Айкерім, Раимова Камола, Құдайберген Ақерке; 3-орын алғаны үшін: Ильяс Шырайлым, Жолдасбек Нұрсезім, Аймырза Динара, Такирова Оразкүл, Тнейбай Мухамеддин, Қуанышбаева Қарашаш; Жетекшілері: Абдужаппарова Октам, Нарметова Насиба, Ергешов Мухаммадин. |
||
Маусым |
|
ҚР Мейіргер ісі бойынша 1-ші Халықаралық конференция 2018 жылдың 22-23 маусым күндері Астана қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту респубикалық орталығы» РМК-да 1-ші Халықаралық конференция болып өтті. Конференция жұмысына мейіргер ісі мамандарын даярлау саласындағы жетекші сарапшылар, мейіргерлерді сараптау және лицензиялау АҚШ, Канада, Финляндия, Беларусь, Қырғызстан және басқа да елдердің өкілдері, ДДСҰ мен ЮНИСЕФ, жетекші медициналық жоғары оқу орындардың және ғылыми ұйымдардың оқытушылары т.б өкілдері қатысты. Аталған конференцияға ТКЖМК-нің директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е.Баратова «Мейіргерлік қызмет көрсету мамандарын дайындау бойынша клиникалық базаларда менторлорлық/тәлімгерлік Институтын дамыту» тақырыбында баяндама жасады. |
||
Маусым |
|
Колледж ұжымы жылды қорытындылады «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2017-2018 оқу жылын табысты аяқтап, колледж ұжымы есеп берді. Жыл қорытындысы бойынша «Джи-Ай» Холдингінің президенті, профессор С.Шалхаров және колледж директоры Қ.Рысбеков ұжымның биылғы оқу жылын табысты аяқтап, «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша 295 түлек бітіріп жатқанын жеткізді. Биылғы бітіруші түлектер өз саласының маманы ретінде дипломға қоса басқа республика колледждерінен айрықша «Шығыс медицинасы» курсын тамамдағаны туралы куәлікке ие болды. Бұл куәлікпен Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүріп, өз мамандығы бойынша қызмет етумен қатар, қосымша жұмыс көзі ретінде «массаж шебері» қызметін атақарып, қосымша табыс таба алады дегенді колледж басшысы атап өтті. Ғылым-білімді бойына серік еткен колледж ұжымы бірлігі жарасқан Қазақ елінің жастарын жаңа сипатта білім алуға шақырудан жалықпайтынын, өсем дейтін жасқа өнеге болар буын өкілдері «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде құшақ жая күтетінін және алда студенттер үшін зор мүмкіндіктер күтіп тұрғанын қуана жеткізген м.ғ.к. Қ.Рысбековтің сөзінен кейін колледж директорының орынбасары Қ.Әділбаева, Оқу бөлімінің меңгерушісі А.Рысбекова, «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі К.Байтұрсынова, А.Искакова, «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі А.Тулентаева, «Қолданбалы бакалавр» бөлімінің меңгерушісі Б.Бабашева, Оқу-әдістемелік бөлімнің әдіскері Д.Жағыпарова, «Біліктілікті арттыру» бөлімінің меңгеруші О.Абдужаппарова т.б. оқытушылар өз жұмыстары төңірегінде есеп беріп, соңы келер жылдың стратегиялық жоспарын талдаумен аяқталды. |
||
Маусым |
|
Түлектерге Мемлекеттік емтихан басталды Әр саланың межеге жеткен шағында берген білімін саралайтын шақ туады. Ол барлық оқу орындарында бітірушілерге арналған – Мемлекеттік емтихан. Мемлекеттік емтихан Мемлекетке қызметке ұсынылатын шәкірттің деңгейі мен мәртебесін, білімі мен біліктілігіне қойылатын баға. Бұл дәстүр биыл «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде де басталып кетті. Колледждің білім беру бағдарламасына сәйкес «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Фельдшер», «Акушер» мамандарын, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» мамандарын дайындауда, кәсіби біліктілі мен тәжірибесі сынға түсіп, Мемлекеттік комиссия мүшелерінің алдында тағы бір рет бақ сынауда. Іске сәт, бітіруші түлектер |
||
Мамыр |
|
Ғылымдағы серпіліс «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде «Студенттердің ғылыми-ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру» атты №11 студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың өзекті мәселелерін шешу бойынша тәжірибе алмасу, студенттерге кәсіптік білім берудің жұмыс істеуін жақсарту, заманауи ақпараттық қоғам жайында студенттерді әлеуметтендіру мақсатында ұйымдастырылған конференция 2 бағытта жүргізілді. «Жалпы кәсіби пәндер» бағыты бойынша «Зерде», «Ұлы даланың кемеңгерлері», «Генезис», «Жас эколог» үйірмелері, «Арнайы пәндер» бағыты бойынша «Шипагер», «Жедел жәрдем», «Мейірім», «Жас маман», «Шипалы қолдар» үйірмелері қатысып, өз жаңалықтарын ұсынды. Биылғы студенттер конференциясында тыңдалған жұмыстар өз жаңалықтарымен елдің назарын аударды. Әсіресе, К-103 тобынан Ерман Қаракөздің «Алабота тұқымдасынан сабын алудың әдісін жетілдіру» (жетекшісі А.С.Шеримбетова) атты жұмысы бойынша қолдан жасаған қарасабынның жасалу технологиясы мен емдік пайдасы туралы жаңалығы және ЕК-301 тобының студенті Орман Айгерімнің «Адыраспан» шөбінен жасалған дәрілер және адыраспанның қазақ шипагерлігіндегі емдік ролі» деп аталатын жұмысы ерекше деп танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылымдағы ізденіс пен серпіліс студенттердің бойындағы қасиеттерге қозғау салып, болашағына сеніммен қарауға күш бергендей болды. Колледж басшысы, м.ғ.к. Қ.О.Рысбеков пен директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е.Баратова, Оқу-әдістемелік бөлімінің меңгеруші А.А.Рысбекова, Әдістемелік бөлім меңгерушісі Д.Жағыпарова, «Қолданбалы бакалавр» бөлімінің меңгерушісі Б.Р.Бабашева колледждің баспасөз хатшысы Р.Есбалаева, ЦӘБ меңгерушісі Н.Нарметова ғылыми конференцияның маңыздылығы мен мәнін айқындап, колледждің ғылыми бағытына өз үлестерін қосып жүрген білімгерлерді ерекше атап, болашағына сәттілік тіледі. |
||
Наурыз |
|
«Оқу пәні бойынша үздік ББҚ» Павлодар медициналық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен медициналық колледждердің «Мейіргер ісі» мамандығының арнайы пәндер оқытушылары арасында «Оқу пәні бойынша үздік ББҚ» атты халықаралық қашықтықтан сайыс өткізілді. Аталған сайысқа колледж оқытушылары Баратова Е, Абдужаппарова О, Бабажанова У, Жапабаева Г, Нарметова Н, Тілеулиев С, Абдужаппарова А, Дүйсенбаева М, Сандыбаева А, Махмудова Н, Ергешов М қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді. Сонымен қатар Т.Назарқұлова мен К.Оразбековаларға қатысқаны үшін сертификат табысталды.
|
||
Ақпан |
|
Жетістігімен ерекшеленген оқу ордасы Жергілікті «Түркістан-тұмарым» газетінің кезекті №8(08, 23 ақпан 2018жыл) санында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің «Жалпы білім беру» бөлімінің меңгерушісі Л.Аймбетованың «Жетістігімен ерекшеленген оқу ордасы» деп аталатын мақаласы жарық көрді. Мақалада әр жылдың өз ерекшелігі, өз жаңалығы бар екені, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі өз арасында өткен жылды қорытындылап, ғылыми есеп бергені айтылған. Жиында Джи-Ай холдингінің президенті, м.ғ.д., профессор С.Ш.Шалхаров және м.ғ.д., профессор Ж.Н.Шалхарова, колледж директоры Қ.О.Рысбеков, директор орынбасары Е.Е.Баратова сөз сөйлеп, өткен жылдың коллледж үшін сәтті жыл болғанын атап өтті. Жиын барысында Джи-Ай холдингінің президенті С.Ш.Шалхаров «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің тәрбие ісі бойынша орынбасары Қ.Әділбаеваны, «Жан Дауа» остеопатиялық медицина орталығының меңгерушісі Д.Мисировты, оқытушы Г.Рысбекованы, «Жалпы білім беру» бөлімінің меңгерушісі Л.Аймбетованы «Ерен еңбегі үшін» Ы.Алтынсарин медалімен марапаттады. Сондай-ақ, колледждің білім, ғылым саласында еңбек етіп, зор жетістікке жеткен оқытушыларды арнайы алғыс хаттармен марапаттады,- дейді, мақала авторы. |
||
Қаңтар |
|
«Мейіргер ісі» мамандары Жаңа Жобаны жүзеге асырмақ ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК 2017 жылдың 8 тамыз айынан бастап «Медициналық білім мен ғылымды жаңғырту» Жол карта жобасының «Денсаулық сақтау жүйесінде орта мамандардың рөлін арттыру» 2-ші кіші жобаны іске асыру мақсатында, «Практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлік қызметті басқарудың жаңа жүйесін әзірлеу және енгізу» жобасы пилоттық түрде жүзеге аспақ. |
||
Желтоқсан |
|
Колледж жылды қорытындылады Әр жылдың өз ерекшелігі, өз жаңалығы бар. Биылғы 2017 жыл да өз мәресіне жетіп, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі жылды қорытындылап, мерекелік кеш ұйымдастырды. Кеш барысында Джи-Ай холдингінің президенті, м.ғ.д., профессор С.Ш.Шалхаров және м.ғ.д., профессор Ж.Н.Шалхарова, колледж директоры Қ.О.Рысбеков, директор орынбасары Е.Е.Баратова құттықтау сөз сөйлеп, биылғы жылдың коллледж үшін сәтті жыл болғанын атап өтті.Басты жаңалықтарымызды атап айтсақ, 1.Колледжіміз 2017 жылы қаңтарда өзін-өзі бағалау бойынша аккредиттеуден сәтті өтіп, аккредиттеу нәтижесі бойынша институционалдық аккредиттеу және мамандандырылған аккредиттеу мәртебесіне ие болды.2.Желілік технологияны қамтамасыз ету үшін ақпараттық — білім порталына негізделген Moodle қашықтықтан оқыту жүйесін енгізуді қолға алды. 3.Колледжіміз талапкерлерді дифференциалды іріктеуде пилоттық жобаны іске асыруға қатысты.4.«Медициналық білімді жаңғырту» жобасы бойынша «Тәжірибелік денсаулық сақтау ұжымдарында мейіргерлік қызметтің жаңа басқару жүйесін әзірлеу және енгізу» тармағына сәйкес пилоттық жобамен жұмыс жасауда. 5.ОҚО денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры м.ғ.к. Қ.О.Рысбеков пен «Ай-Тұмар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ф.Байзахова «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру» туралы меморандумға қол қойды.6. |
||
Желтоқсан |
|
Білім биігіндегі бастама «Түркістан» қалалық газетінің (№52(9392) 21 желтоқсан, 2017жыл) номерінде «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі А.Рысбекованың «Білім биігіндегі бастама» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада ҚР Президентінің 2016 жылғы № 176 Жарлығында «Медициналық білім беруді жаңғырту Қазақстан Республикасы ЖОО-дары мен колледждерінің мейіргерлік іс оқытушылары үшін Мейіргерлік іс бойынша магистрдің қазақстандық дипломы және Финляндия университетінің Master of Health дипломы берілетін бірлескен Қазақстан–фин ғылыми-педагогикалық магистратурасы енгізілетін болады»-деген болатын. Соған орай, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі өз оқытушыларының «мейіргер ісі» бойынша білімін жетілдіруге қолдау жасап, ықпал етіп отырғанын, 2017-2018 оқу жылында JAMK Университеті мен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетіне бірлескен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша колледжіміздің оқытушысы Абдужаппарова Ақботаның магистратураға түсуі колледж үшін зор жетістік екенін атап айтады.Мақала авторы, сөз соңында«Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым»-дейтін әл-Фарабидің сөзін еске алсақ, білген сайын білуге тиіс ғалам жаңалықтарын игеруден жалықпайық,-деп, қорытындылаған. |
||
Желтоқсан |
|
«Жаңа педагогикалық идеялар» 2017 жылдың 20 желтоқсанында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұйымдастыруымен «Жаңа педагогикалық идеялар» атты оқытушылар арасында қалалық педагогикалық семинар болып өтті. Семинар Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатын көздегендіктен, семинарда педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру және тәжірибе алмасу үшін арнайы сабақ үлгілері ұсынылды. Педагогикалық әдістерді сараптау үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессор оқытушылары п.ғ.к., доцент Б.Жүсіпова, ф.ғ.к., доцент м.а. Ә.Толысбаева, ф.ғ.м.Р.Есбалаева сарапшылық жасады. Семинарға қатысушылар сабақта қолданылған технологияның тиімділігі; Оқытушының жаңашыл идеялары, шығармашылық жұмыстарының шынайылығы; Тақырыпқа байланысты видеопрезентацияның сапасы; регламентті (10 минут) сақтау бойынша бағаланып, қорытындыланды. |
||
Желтоқсан |
|
«Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша түлектерге оқу курстарын дамыту Мейіргерлік іс туралы ақпараттық Хабаршыда (Информационный ВЕСТНИК по вопросам сестринского дела 2017г.) Шалхарова Ж.С., Баратова Е.Е., Рысбекова А.А., Тулентаева А.А., Баратова Д.А., ЕлюбаеваФ. авторлығымен «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша оқу орнынан кейінгі білім беру және оқу курстарын дамытуға арналған оқыту стилінің тұжырымдамасын қолдану» атты мақаласы жарияланды. Онда үздік білім беру бағдарламаларының тәжірибесі түрлі студенттердің білім алу тиімділігін анықтау үшін міндетті мониторинг жүргізуді қамтитыны,көптеген зерттеулер оқу бағдарламаларын өңдеуде түсінудің (таным) түрлі стильдерінің қажеттілігін есепке алуды көрсететіні жөнінде таратып түсіндіреді. Нәтижесінде оқу курстарын әзірлеу кезінде белсенді оқу және тәжірибелік эксперименттерді оқу және талқылаумен біріктіруге мүмкіндік беретін білім берудің әртүрлі әдістерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету қажет, кері байланыс сапасы маңызды рөл атқарады,-деген, мақалада. |
||
Желтоқсан |
|
Жаңа оқу түрі – жаңа нұсқаулық «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің басшылары м.ғ.д. С.Ш.Шалхаров, м.ғ.д. Ж.С.Шалхарова, м.ғ.к. Қ.О.Рысбековтердің редакторлығымен «Медицина колледждерінде объективті құрылымдық клиникалық емтихан технологиясы бойынша студенттердің тәжірибелік дағдыларын бағалаудың әдістемелік нұсқауы» жарыққа шықты. Бұл еңбектің маңыздылығы ХХ ғасырдың соңынан бастап шетелдік медициналық оқу орындарында студенттер мен интерндердің білім деңгейі мен тәжірибелік дағдыларын бағалауда объективті құрылымдық клиникалық емтихан (ОҚКЕ) тәсілі кеңінен қолданылуда. Сондай-ақ, ҚР 2020-шы жылға дейінгі стратегиялық жоспарына (ҚР Президентінің 01.02.10.,№922 Жарлығы) сәйкес еліміздегі жоғары медициналық білім беру мекемелері, солардың қатарында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі де ОҚКЕ тәсілін қолдана бастағаны белгілі. Объективті құрылымдық клиникалық емтиханды ұйымдастыру мен өткізудің тәртіптерін арнайы зерттеп, әдістемелік нұсқауды құрастырғандар, колледжіміздің оқытушылары Е.Е.Баратова, О.Р.Абдужаппарова, У.Бабажанова, Г.Жапабаева, Н.Қ.Нарметова, С.тілеулиев, А.Абдужаппарова, М.Дүйсенбаева, А.Сандыбаева, Н.С.Махмудова, М.Р.Ергешов |
||
Желтоқсан |
|
«Білімді жастар – ел болашағы» атты ашық есік апталығы Оқу ордамыздың «Жапы кәсіптік пәндер» ЦӘБ-і (циклдық әдістемелік бірлестігі) қарашаның соңы мен желтоқсанның басын ашық есік апталығы деп жариялап, 29қараша мен 6желтоқсан аралығында «Білімді жастар – ел болашағы» атты апталығын ұйымдастырды. Апталық түрлі форматта жүргізілді: колледж оқытушысы Е.Байбосынов «Ислам діні — ізгілік діні және теріс ағымдар мен ұйымдар» атты рухани кеш ұйымдастырса, оқытушы Ю.Шерикбаеваның басшылығымен «Менің тұңғыш президентім» атты салтанатты кеш өтті. Ш.Байжановтың жетекшілігімен «Анатомия – медицина атасы» атты ғылыми жұмыстар арасында байқау жарияласа, оқытушы С.Ирисметов «Ас қорыту жүйесінің физиологиясы. Ас қорытудағы бауыр, ұйқы безі және өттің маңызы» атты ашық сабақ өткізді. |
||
Қараша |
|
«Ертеңгі болашақ-бүгінгі білімді ұрпақ» ашық есік апталығы «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің «Терапия және туыстас пәндер» ЦӘБ-нің (циклдық әдістемелік бірлестігі) 6-10 қараша аралығында «Ертеңгі болашақ –бүгінгі білімді ұрпақ» атты ашық есік апталығы болып өтті. Апталық барысында оқытушы А.Абдужаппарова студенттерді ғылыми жұмысқа бағыттау мақсатында «Ғылыми ізденіс жұмыстары» атты тренинг өткізсе, Д.Елубаева мен Д.Баратова «Суицид себептері мен алдын алу шаралары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Ал, «Терапия және туыстас пәндер» ЦӘБ-нің оқытушылары С.Тілеулиев, Н.Нарметова, Б.Нәбиева терапиялық пәндер бойынша ашық сабақтар өткізді. Мәселен, С.Тілеулиев «Терапиядағы медбикелік іс» пәні бойынша «Жедел қантамыр жетіспеушілігі. Медбикелік үдерісті ұйымдастыру» тақырыбында, Н.Нарметова «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша «ТАА бар науқастарды объективті тексеру әдістері» тақырыбында, Б.Нәбиева «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша «Ботулизм» тақырыбы бойынша ашық семинар ұйымдастырды. |
||
Қазан |
|
Студенттеріміз «Жастар және ғылым» тақырыбындағы конференцияға өз жаңалықтарын ұсынды ОҚО білім басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 27-қазанда «Жастар және ғылым» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің ғылыми-практикалық конференциясына өз жаңалықтарын ұсынып, коледжіміздің студенттері Ш.Аманбек «Электромагниттік сәулеленудің адам ағазасына әсері» тақырыбында (жетекшісі: Г.Рысбекова), А.Мұсаева «Тәуелсіздік жаршысы – Әлихан Бөкейханов» тақырыбында (жетекшісі: Л.Айымбетова), Н.Байжұман «Қанайналым жүйесінің аурулары және оның асқынуларының алдын алу, дәрілердің және дәрілік өсімдіктердің ықпал етуінің салыстырмалы нәтижесі» тақырыбында (жетекшісі: Н.Нарметова) қатысып, баяндама жасап қайтты. |
||
Қыркүйек |
|
Білім берудегі ілгерілеушілік Республикамызда Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы жасалды. Осыған орай «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2016 жылы Финляндия мемлекетінің Jamk және Lahti Университеттерімен қолданбалы бакалавриат мамандарын дайындауда меморандум құрған болатын. Соған сәйкес, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі өз оқытушыларының «мейіргер ісі» бойынша білімін жетілдіруге қолдау жасап отыр. Биылғы 2017-2018 оқу жылында JAMK Университеті мен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті бірлескен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша колледжіміздің оқытушысы Абдужаппарова Ақбота магистратураға түсті. Білім мен ғылымды ілгерілетудегі бұл жаңалық — екі елдің ынтымақтастығын нығайтуда. Бұл туралы, А.Абдужаппарова «Заманауи мейіргер ісі жүйесін дамытудың алғашқы қадамы ретінде менің магистратураға түсуім өзім үшін ғана емес, өзім еңбек ететін оқу ордасының да білім беру процесіндегі ілгерілеушілік»-дейді. |
||
Мамыр |
|
Екі күнге жалғасқан ғылыми конференция Студенттердің Х-шы ғылыми-тәжірибелік конференциясы колледждің директоры, м.ғ.к. Қ.О.Рысбековтің төрағалығымен өтті . |
||
Мамыр |
|
Студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы Колледжімізде «Сапалы мамандар-Қазақстанның болашағы» атты cтуденттердің IX ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. |
||
Қыркүйек |
|
Ғылыми кітап қоры 35 000-ға (отыз бес мыңға) жетті «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің кітапханасы колледж ашылғалы өз жұмысын жүйелі атқаруда. Кітап қоры кең көлемді, онда медициналық, ғылыми, оқу-әдістемелік оқулықтармен, анықтамалықтар, энциклопедиялар, әртүрлі көркем әдебиет және мерзімді басылымдар жинақтарымен толықтырылған. Кітапхана қоры жылдан жылға көбеюде. Биылғы есептік көрсеткіш бойынша кітап қоры – 35 428 дананы құрайды. Кітапхана студенттерді оқулықтармен толық қамтамасыз етеді және студенттердің ақпараттық кеңістікке қолжетімді болуы үшін Ғаламторды тегін пайдалануға мүмкіндік берілген, сонымен қатар колледж студенттері Интернет ресурстарын пайдалана отырып ғылыми, тәжірибелік жұмыстарын (хабарлама, баяндама, реферат, презентация) дайындауға мүмкіндіктер жасалған |
||
Сәуір |
|
«Білікті маман-заман талабы» атты студенттердің VIII ғылыми-тәжірибелік конференциясы Колледжіміздің ғылыми бағыты бойынша студенттердің дәстүрлі «Білікті маман-заман талабы» тақырыбында студенттердің VIII ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. |
||
Қыркүйек |
|
Шығыс медицина тәсілімен емдеу бөлмелері ашылды «Джи-Ай» Холдингінің басшылығымен «Жан Дауада» Шығыс медицина (Қытай, Тибет) тәсілімен емдеу бөлмелері ашылды. Мұнда инемен емдеу, күйдіру, қан алу (хиджама), дәрілік шөптермен емдеу (фитотерапия), нүктелі массаж тәсілімен емдеу түрі «Жан Дауаның» жұмысын жандандырмақ. Шығыс медицина тәсілімен емдеуші дәрігер Г.Нуруллаева өз жұмысын бастап кетті. |
||
Сәуір |
|
Студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясы жалғасуда “Түркістан” көпсалалы медицина колледжі бойынша жыл сайынғы cтуденттердің дәстүрлі VII ғылыми-тәжірибелік конференциясын өтті. |
||
Сәуір |
|
Колледжіміз – білім мен ғылым ордасы Елбасымыз «ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ой бәсекесінің ғасыры болмақ» деп текке айтпаса керек. Қаламыздағы Түркістан көпсалалы медицина колледжі ғылымды дамыту мақсатында үстіміздегі жылы 16 мамырда Студенттердің VI ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. |
||
Ақпан |
|
Студенттердің V ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» деп, Абай данамыз бекер айтпаса керек. Түркі руханиятының көшбасшысы болған Түркістан қаласында қанатын енді жая бастаған “Түркістан” көпсалалы медицина колледжі білім берумен қатар ғылым саласында да тоқтаусыз еңбек етуде. |
||
Сәуір |
|
Бағасы теңдессіз ғылым Колледжіміздің ғылыми-теориялық, тәжірибелік сипатында жасалған зерттеу жұмыстарының негізінде Студенттердің IV ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. |
||
Сәуір |
|
Ұжымның мәртебесін биіктеткен конференция «Білімді, сауатты адамдар – ХХІ ғасырда адамдарды қорғаудың негізгі күші» деп, Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, біздің білім беру ордамызда да білімгерлер ғылымға өз үлестерін қосуға ұмтылуда. Жастардың білімін нығайтуға бағытталған cтуденттердің IIIғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастырылуы жоғарыдағы Елбасымыздың пікірімен сәйкес. |