БІЛІМ ЖЫЛНАМАСЫ

Қаңтар 2019

 


«Кітап — білім бұлағы»

Кітапхана көркін келтіретін ондағы кітаптар мен оқырман. Колледжіміздің оқу ғимараты мен жатақханасында орналасқан кітапхана залы колледж қызметкерлері мен студенттеріне демалыссыз қызмет көрсетіп қана қоймай өз оқырмандарына құрмет көрсету мақсатында жиі кездесулер мен шаралар ұйымдастырып тұрады. Бүгін де сондай ниетпен жыл басының алғашқы күндерін «Кітап — білім бұлағы» атты айдармен оқырмандар арасында сұхбат өтті. Шараны ұйымдастырған кітапхана және ақпараттық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Утегенова «Білімнің, рухани қазынаның қайнар бұлағы — кітап. Ол үшін өз кітапханаңды құра білу керек. Кітапты бір оқып қанағат тұтпа, қайтадан оқы, деген ниетпен 2019 жылдың алғашқы шарасын оқу ордамызда сұхбат өткізуден бастауды жөн көрдік»-дейді. Сұхбатқа қатысқан 3-курс студенттері кітапханада күн өткен сайын электронды оқулықтардың қатары көбейіп, білім әлемін терең аралауға жағдай туғызып отырған Джи-Ай холдингінің президенті, профессор С.Шалхаровқа, колледж директоры  Қ. Рысбековке айтар алғыстары шексіз екенін жеткізді. Пікірталастырушылар, медицина саласына қатысты кітаптардан өзге көркем әдебиеттерді де, күнделікті басылымдарды да, тіпті тегін интернет қызметі мен республикалық кітапханалар ресурсын еркін пайдалану – мамандардың білімін кеңейтуде бірінші орындағы мәселе екенін баса сөз етті. Шара соңы студенттердің жалынды жырларымен аяқталды.


Желтоқсан 2018


 


Оқу ордасы жылды қорытындылады«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2018 жылды қорытындылап, Джи-Ай Холдингінің президенті С.Ш Шалхаров пен колледж директоры Қ.О. Рысбековтің қатысуымен есеп беру жиналысы өтті. Әр жылдың өз жаңалығы болатыны сынды білім ордасының да айтулы жаңалықтары болғанын басшылық тағы бір еске салып, ұжымға алғыс білдірді. Әсіресе, 2018-2019 оқу жылында колледжімізге  1-курсқа қабылданған студенттерге алғаш рет мемлекеттік гранттың бөлінуі жылдың айтулы жаңалығы болды. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алушы 50 студент мемлекет тарапынан оқып, стипендиямен қамтамасыз етілуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы», сондай-ақ, «Ұлы даланың жеті қыры» сынды көтерілген құндылықтар аясында атқарылған жұмыстар жөнінде колледж орынбасарлары Е.Е. Баратова мен Л.М. Айымбетова баяндады. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Қолданбалы бакалавр мамандарын дайындау оқу ордамыздың білім беруде Финдіктермен жиі шеберлік сыныбын ұйымдастырып, мамандарымыздың Астанада, Алматыда, Таразда, Қызылордада, т.б. қалаларда біліктіліктерін жетілдіруі – сала мамандарын халықаралық сипатта дайындаудың үлгісі болатын, деп жеткізді, Қолданбалы бакалавр бөлімінің меңгерушісі

Б.Р. Бабашева. Ұзаққа созылған есеп беру жиынының соңы жаңа жылға арналған жақсы тілектермен аяқталды.


Желтоқсан 2018 


 


Оқу ордамыз  SKYPE арқылы Халықаралық сарапшылардың оң бағасын иеленді

2018 жылдаң 11 қарашасында JAMK (Финляндия) Қолданбалы ғылымдар университетінің халықаралық сарапшыларымен өткен сұхбаттың қорытындысы бойынша вице-министр Л.М. Ақтаеваның бұйрығына сәйкес оқу ордамыз  SKYPE арқылы Халықаралық сараптаудан өтті. «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі SKYPE-келіссөзіне қатысқан санаулы оқу орындарының қатарында. Колледжіміздің мейірбикелік білім беруді дамытуға бағытталған стратегиялық даму жоспары (СДЖ) халықаралық сарапшылардың оң бағасын алып, Қазақстан Республикасындағы медициналық колледждер арасында «өте жақсы» деген бағаға ие болған екі оқу орнының бірі атанды. Білім ордасының бұл жетістігі – колледждің стратегиялық даму жоспарының (СДЖ) шетелдік/еуропалық талаптарға сай екенін көрсетеді.


Қараша

2018


  


Жаңғырған елдің жастары – ұлт болашағы

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде Студенттер күніне арналған Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Жаңғырған елдің жастары – ұлт болашағы» атты салтанатты ісшарасы болып өтті.  Шара барысында Джи-Ай холдингінің президенті С.Ш. Шалхаров, колледж директоры  Қ.О. Рысбеков, директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е. Баратова, директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Л.М. Аймбетова, оқу-әдістемелік орталық меңгерушісі А.Ә. Рысбекова 2018-2019 оқу жылында оқуға қабылданған 1-курстарды студенттер қатарына қабылдануымен құттықтап, болашақтарына сәттілік тіледі.

Білім мен ғылымға қадам басқан студенттердің ең құнды құжаттары саналатын Білім кілтін ҚББ-101 тобының  студенті А.И. Оңалбекке,  Символикалық сынақ кітапшасын  Ек-202 тобының студенті Ш.Бектаев пен МК-201 тобының студенті А.Раимбековаға,  Символикалық студенттік билетті  К-101 тобының студенті Е.Балтабай мен К-102 тобының студенті Б.Сортабаеваға салтанатты түрде табыс етті. Құжаттарын ресми түрде қолға алған 1-курс студенттері барша ұжым мен білімгерлер алдында «Студенттік АР-НАМЫС кодексі» бойынша ант қабылдады.

Мерекелік кеш бітіруші курстардың концерттік бағдарламасы мен оқу ордасында өткен қайталанбас сәттерінен қойылған көріністерімен жалғасты.


Қараша

2018


 


«Гиппократ» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «URKER MITEC» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Гиппократ» республикалық олимпиадасына колледж студенттері қатысып, жүлделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды. Жеңімпаз студенттерді аталған жеңістерімен құттықтаймыз! Олар:

Белсене қатысқаны үшін: Раимова Шахло, рахымбек Айкерім, Раимова Камола, Құдайберген Ақерке;

3-орын алғаны үшін: Ильяс Шырайлым, Жолдасбек Нұрсезім, Аймырза Динара, Такирова Оразкүл, Тнейбай Мухамеддин, Қуанышбаева Қарашаш;

Жетекшілері: Абдужаппарова Октам, Нарметова Насиба, Ергешов Мухаммадин.


Қазан

 2018


 


Ұстаздар күні аталып өтті

Қазан айының алғашқы жексенбісі  — ұстаздар күніне орай «Мейіргер ісі» бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстаз аты биік әрі мәңгілік!» атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кеш барысында бөлім студенттері оқытушыларға әуезді ән мен әсем билерін тарту етті, ыстық құттықтауларын жеткізді. Кеш барысында сөз алған колледж директоры м.ғ.к Қ.О.Рысбеков айтулы мерекеде қоғамдық жұмыстар мен студент жастарды тәрбиелеуде белсене жұмыс жасап жүрген оқытушыларды алғыс хатттармен марапаттады.


Қыркүйек

2018


 


«Тіл – достықтың алтын көпірі»

22-қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі күніне орай аталған тақырыпта №1 «Қоғамдық  және гуманитарлық пәндер» ЦӘБ оқытушыларының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты шара барысында студент жастар түрлі ұлт өкілдерінің тілінде өлең оқып, билерін биледі, жастарды тіл тазалығын сақтауға шақырды.


Қыркүйек
2018



«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі мемлекеттік грант негізінде студенттерді оқуға қабылдады

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың 2018 жылғы 4 шілдедегі № 418 бұйрығымен республикамыздағы  9 медицина колледждеріне мемлекеттік грант бөлінді. Бұлардың қатарында Түркістан облысынан «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 56 студентке мемлекеттік тапсырыс негізінде оқытуды бастап кетті. Колледж 2017-2018 оқу жылынан бастап  «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалаврдың жеделдетілген білім беру бағдарламасы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан асқан мейіргерлерді жұмыстан қол үзбей оқытуды бастаған еді. Солардың қатарында облыс пен қаланың барлық медициналық ұйымдарының өкілдері білім деңгейлерін жоғарылатуда, студенттер қатарында бас мейіргерлер, аға мейіргерлер, аймақтық  мейіргерлер, емшара кабинеттерінің де мейіргерлері бар. Бұл бағдарлама Европалық директиваларға сәйкес студенттер оқу уақытының 50 пайызын клиникалық жағдайларда өткізеді. Қазіргі таңда колледжде «Мейіргер ісі» мамандығы «Қолданбалы бакалавр» біліктілігі бойынша 55 студент 2019 жылдың ақпан айында оқуды бітіріп мемлекеттік үлгідегі диплом иегері болмақ.


Қыркүйек
2018


  


Білім күні

1-қыркүйек  — Білім күнін колледж оқытушылары мен студенттер, ата-аналар жоғары деңгейде атап өтті. №2 «Жаратылыстану ғылыми пәндер» ЦӘБ-нің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстаным-жүрегім, Түркістаным-тірегім» атты тақырыпта өткен салтанатты жиналыста оқуға жаңадан қабылданған студенттерге колледж өмірі таныстырылып, мерекелік іс-шара көрсетілді.


Маусым
2018


zhyl 2018 korytyndy 1zhyl 2018 korytyndy 2


Колледж ұжымы жылды қорытындылады

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2017-2018 оқу жылын табысты аяқтап, колледж ұжымы есеп берді. Жыл қорытындысы бойынша «Джи-Ай» Холдингінің президенті, профессор С.Шалхаров және колледж директоры Қ.Рысбеков ұжымның биылғы оқу жылын табысты аяқтап, «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша 295 түлек бітіріп жатқанын жеткізді. Биылғы бітіруші түлектер өз саласының маманы ретінде дипломға қоса басқа республика колледждерінен айрықша «Шығыс медицинасы» курсын тамамдағаны туралы куәлікке ие болды. Бұл куәлікпен Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүріп, өз мамандығы бойынша қызмет етумен қатар, қосымша жұмыс көзі ретінде «массаж шебері» қызметін атақарып, қосымша табыс таба алады дегенді колледж басшысы атап өтті. Ғылым-білімді бойына серік еткен колледж ұжымы бірлігі жарасқан Қазақ елінің жастарын жаңа сипатта білім алуға шақырудан жалықпайтынын, өсем дейтін жасқа өнеге болар буын өкілдері «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде құшақ жая күтетінін және алда студенттер үшін зор мүмкіндіктер күтіп тұрғанын қуана жеткізген м.ғ.к. Қ.Рысбековтің сөзінен кейін колледж директорының орынбасары Қ.Әділбаева, Оқу бөлімінің меңгерушісі А.Рысбекова, «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі К.Байтұрсынова, А.Искакова, «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі А.Тулентаева, «Қолданбалы бакалавр» бөлімінің меңгерушісі Б.Бабашева, Оқу-әдістемелік бөлімнің әдіскері Д.Жағыпарова, «Біліктілікті арттыру» бөлімінің меңгеруші О.Абдужаппарова т.б. оқытушылар өз жұмыстары төңірегінде есеп беріп, соңы келер жылдың стратегиялық жоспарын талдаумен аяқталды.


Маусым
2018


mem emtikhan 1


Түлектерге Мемлекеттік емтихан басталды

Әр саланың межеге жеткен шағында берген білімін саралайтын шақ туады. Ол барлық оқу орындарында бітірушілерге арналған – Мемлекеттік емтихан. Мемлекеттік емтихан Мемлекетке қызметке ұсынылатын шәкірттің деңгейі мен мәртебесін, білімі мен біліктілігіне қойылатын баға. Бұл дәстүр биыл «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде де басталып кетті. Колледждің білім беру бағдарламасына сәйкес «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Фельдшер», «Акушер» мамандарын, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» мамандарын дайындауда, кәсіби біліктілі мен тәжірибесі сынға түсіп, Мемлекеттік комиссия мүшелерінің алдында тағы бір рет бақ сынауда. Іске сәт, бітіруші түлектер!


Маусым
2018


uzdik okytushy 18 1


«Үздік колледж оқытушысы -2018»

Білім беру саласында жүрген оқытушылардың ғылыми еңбегін бағалау, сабақ беру әдісі мен технологиясын тексеру, мамандармен әдіс алмасу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру басқармасына қарасты әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Оңтүстік қазақстан облысы бойынша колледждер арасында «Үздік колледж оқытушысы -2018» байқауын ұйымдастырды. Байқауға облысымыз бойынша 95 колледж қатыстырылды. Солардың қатарында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінен Оразбекова Камшат Диханқызы қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді. Байқау 3 саты бойынша бағаланды. Алғашқы бөлімі колледжішілік іріктеу болса, 2-кезеңі оқытушы портфолиосы негізінде бағаланған. Ал, ең күрделі сынақ кезеңі – үшінші кезең. Мұнда оқытушы өзінің жұмыс жүйесі бойынша презентация жасайды. Колледжіміздің оқытушы Камшат Диханқызы «CLIL технологиясы бинарлы сабақ өтуде қолданудың болашақ кәсіби мамандар даярлауда маңызы» атты жұмысымен байқауға қатысып, үздік үштіктің қатарынан орын алып, колледжіміздің мәртебесін биіктетті. Колледж ұжымы Камшат Диханқызына сәттілік тілеп, «Түркістан-тұмарым» газетінің №18 (18) 1 маусым 2018 жылғы санында құттықтау жариялады.


Мамыр
2018


gylym serpelis 1gylym serpelis 3gylym serpelis 2


Ғылымдағы серпіліс

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде «Студенттердің ғылыми-ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру» атты №11 студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың өзекті мәселелерін шешу бойынша тәжірибе алмасу, студенттерге кәсіптік білім берудің жұмыс істеуін жақсарту, заманауи ақпараттық қоғам жайында студенттерді әлеуметтендіру мақсатында ұйымдастырылған конференция 2 бағытта жүргізілді. «Жалпы кәсіби пәндер» бағыты бойынша «Зерде», «Ұлы даланың кемеңгерлері», «Генезис», «Жас эколог» үйірмелері, «Арнайы пәндер» бағыты бойынша «Шипагер», «Жедел жәрдем», «Мейірім», «Жас маман», «Шипалы қолдар» үйірмелері қатысып, өз жаңалықтарын ұсынды. Биылғы студенттер конференциясында тыңдалған жұмыстар өз жаңалықтарымен елдің назарын аударды. Әсіресе, К-103 тобынан Ерман Қаракөздің «Алабота тұқымдасынан сабын алудың әдісін жетілдіру» (жетекшісі А.С.Шеримбетова) атты жұмысы бойынша қолдан жасаған қарасабынның жасалу технологиясы мен емдік пайдасы туралы жаңалығы және ЕК-301 тобының студенті Орман Айгерімнің «Адыраспан» шөбінен жасалған дәрілер және адыраспанның қазақ шипагерлігіндегі емдік ролі» деп аталатын жұмысы ерекше деп танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылымдағы ізденіс пен серпіліс студенттердің бойындағы қасиеттерге қозғау салып, болашағына сеніммен қарауға күш бергендей болды. Колледж басшысы, м.ғ.к. Қ.О.Рысбеков пен директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е.Баратова, Оқу-әдістемелік бөлімінің меңгеруші А.А.Рысбекова, Әдістемелік бөлім меңгерушісі Д.Жағыпарова, «Қолданбалы бакалавр» бөлімінің меңгерушісі Б.Р.Бабашева колледждің баспасөз хатшысы Р.Есбалаева, ЦӘБ меңгерушісі Н.Нарметова ғылыми конференцияның маңыздылығы мен мәнін айқындап, колледждің ғылыми бағытына өз үлестерін қосып жүрген білімгерлерді ерекше атап, болашағына сәттілік тіледі.


Мамыр
2018


Uzdik bilimgerler shakirtaky 1Uzdik bilimgerler shakirtaky 3


Үздік білімгерлерге шәкіртақы табысталды

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің жыл сайын дәстүрлі «Ата-анаға құрмет — ұрпақ алдындағы міндет» атты мерекелік іс-шарасы биыл да өз дәрежесінде атап өтілді. Колледж директоры м.ғ.к., Қ.О.Рысбеков Дүниежүзілік мейіргерлер күнімен орайлас келген іс-шараны жақсы ырымға балап, колледж қонақтары мен ұжым мүшелерін төл мерекелерімен құттықтады. Жиын барысында колледжде оқитын білімді, талантты студенттердің ата-аналарына құрмет көрсетіп, алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі білім алушы үздік студенттерге арнайы шәкіртақы тағайындап, жиында табыс етті. Колледж басшысы Қыдырәлі Оспанұлы мерекелік жиында білім ордасында бұдан өзге сабақ үлгерімі мен колледждің қоғамдық өміріне белсене араласып, мәдени, спорттық шараларда топ жарып, колледж қоржынына олжа салып жүрген студенттер мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер үшін материалдық қолдау көрсету, жатақханадан орын алуға және оқудың төлем ақысына жеңілдіктер беру қарастырылғанын атап айтты.
Бұған дейін оқу орнында «Демеушілік стипендия» 2010-2011 оқу жылынан бастап келісім-шарт негізінде оқуға қабылданған білім алушыларға оқуға түскеннен соң 1-семестрден кейін емтихан сессиясының қорытындысы бойынша тағайындалатын. «Демеушілік стипендия» иегерлері, жыл сайын үздік оқуымен өзінің стипендиясына құқылығын дәлелдеп отырады. Сондай-ақ, колледждің ерекше білім алушыларына жылына 1 рет «Ең үздік студент» номинациясы, «Джи-Ай» Холдингі президенті м.ғ.д., профессор С.Шалхарұлының арнайы стипендиясы және колледждің арнайы «Колледж тарапынан берілетін стипендия» тағайындалады. Биылғы 2017-2018 оқу жылында да осы дәстүр жалғасын тапты. Атап айтсақ, «Джи-Ай» Холдингі президентінің тағайындауымен берілетін «Емдеу ісі» мамандығының студенті Асанбай Самат «Президенттік шәкіртақы иегері» атанса, студенттердің сессия қорытындысы негізінде «Емдеу ісі» бөлімінің студенттері Әбутәліпова Еңлік, Қуатбек Ақерке; «Мейіргер ісі» бөлімінің студенттері Такеева Нұрсұлу, Аймырза Динара; «Жалпы білім беру» бөлімінің студенттері Аяпберген Бейбарыс «Колледж тарапынан берілетін стипендия» иегерлері атанды.
Бұл туралы колледжіміздің баспасөз хатшысы Р.Есбалаева қалалық «Түркістан-тұмарым» газетінің №17 (17) 25 мамыр 2018 жылғы санында «Қалдырған ізің мәңгілік» айдары бойынша «Үздіктерге арнайы шәкіртақы тағайындалды» деген мақаласы жарық көрді


Сәуір
2018


pilotty joba 2pilotty joba 3


Пилоттық жобаның маңыздылығы

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Баратованың қалалық «Түркістан» газетінің №17 (9409), 20 сәуір, 2018 жылғы санында «Пилоттық жобаның маңыздылығы» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада, ЮНИСЕФ-тің (Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры) Қазақстан республикасындағы ұлттық тренерлерінің ұйымдастыруы мен жаңа патронаждық мейіргерлік көмек жүйесінің жан-жақты прогрессивтік моделін енгізу бойынша республикамыздың 7 регионындағы жоғары медицина колледждері мен пилоттық жобаға енген практикалық денсаулық сақтау ұйымдары арасында семинарлар мен мастер-кластар өтуде. Семинарлар мен мастер-кластар Астана, Қызылорда қалаларында ұйымдастырылып, оларға оқу ордамыздың оқытушылары мен пилоттық жобаға енген колледждің клиникалық базаларының қызметкерлері қатысып, білім алмасып қайтты.
Бұл жұмыстың іске асырылуын бақылау және мониторингтеу мақсатында Түркістан қаласында жалғасын тапты. Пилоттық жобалардың іске асырылуын бақылау және мониторингтеу мақсатында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің клиникалық базалары: «Санитас» ЕСО, Түркістан қалалық емханасы, Түркістан орталық ауруханасы, қалалық балалар ауруханасы, №3 перинаталды орталықтарында кең көлемде 3 күн қатарынан Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген ұлттық тренерлердің қатысуымен монитринг жүргізіліп, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты, медициналық мекемелердің құрылымына енгізілген өзгерістер туралы, мейіргерлік істе жаңа қызмет (бас дәрігердің мейіргер ісі бойынша орынбасары) мен (академиялық және қолданбалы бакалавр), яғни «Кеңейтілген тәжірибе мейіргері»/«Медсестра расширенной практики» және «Кіші мейіргер» біліктілігінің міндеттері туралы, соның ішінде кейбір дәрігерлік міндеттердің жоғары білімді мейіргерлерге бөлістіру және патронаждық жұмыстарды ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша жолға қойылуын бақылау және кеңес беру болды. Осыған байланысты «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі ЮНИСЕФ бағдарламасы негізінде патронаждық мейіргерлік жұмысты ұйымдастыруға «Мейіргер ісі» мамандығының 127 бітіруші курс студенттерін «Еріктілер/Волонтерлар» ретінде қатыстыруды жоспарлап, қазіргі таңда студенттерге педиатриядағы мейіргер ісі пәнінің оқытушысы, тренер А.С.Сандыбаева 1-14 модуль бойынша дәріс өтіп, тәжірибелік жұмыстарды жүргізу үшін студенттер учаскелерге бөлініп, Санитас ЕСО-ның жалпы тәжірибе дәрігері, тренер Ю. Шерикбаева және аймақтық мейіргер, тренер М.Юсуповалармен бірге жұмысты бастады. Бұл жұмыс болашақ мейіргер мамандығының реформаларының және пререквизиттерінің бірі ретінде жүргізілуде, екені айтылған


Сәуір
2018


DSC 0274 1DSC 0211 3


«Үздік мейіргер -2018»

Колледжіміздің «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бітіруші курстар арасында дәстүрлі «Ең үздік мейіргер — 2018» байқауы өтті. Байқауды өткізудің мақсаты: студенттердің кәсіби дайындығын бағалау, болашақ маман ретінде творчестволық дамуына ықпал ету және ерекше епті де дарынды түлектерді анықтау. Сайыс 4 кезең бойынша ұйымдастырылды: 1. «Мамандығым — мақтанышым» Манипуляция. Тәжірибелік дағдылар бойынша сұрақтарды таңдап, муляжбен тапсырманы орындады. 2. Нұрлы жол — жүрегіміз бен ісімізде». Рухани жаңғыру аясында Болашақ Қазақстанымызға жаңа форматтағы маман дайындау мақсатында аймақтық мейіргердің жаңа ролі бойынша 14 қадамдық модуль бойынша өз білімдерін сынады. Ал, үшінші кезеңде «Өткенді бағалаймыз, бүгінмен мақтанамыз, болашақты жасаймыз» тақырыбында қатысушылар логикалық сұрақтарға жауап берсе, төртінші кезеңде «Жанкүйерлер номері» бойынша өнерлері сарапқа түсті. Нәтижесінде, бас жүлде иегері Ә.Нұрпейс атанса, Абдураимова Мухае жүлделі 1-орынды, Абдирейм Арайлым 2-орынды жеңіп алса, Серікбай Арайлым мен Ерметова Сохиба 3-орынға қол жеткізді.


Сәуір
2018


20180411 140410


«Емдеу ісінің үздігі-2018»

Оқу ордамыз жыл сайын түлектердің қанат қағар сәтінде өз саласы бойынша құзіреттіліктерді толық игеріп, кәсіби білімдерін қаншалықты игергендігін анықтау ниетімен «Емдеу ісі» мамандары арасында сайыс ұйымдастырады. Биыл да дәстүрлі сайыс бойынша қатысушылардың білімін бағалау мақсатында алдымен тест тапсырды. Сайыстың келесі кезеңдері колледж студенттері мен оқытушыларының алдында ашық түрде тапсырмалар орындалып, Түркістан емханаларынан келген дәрігерлердің бағалауымен сайыс өз мәресіне жетті. Сайыс соңында ЕК-401 тобының студенті Турабай айдана бас жүлде, АК-401 тобының студенті Абдураимова Зилола 1-орынды иемденді. Жүлделі 2-орынға Аманкелді Гүлнұр ие болса, 3-орын Оңғарбаев Илес пен Байжұман Нартайға бұйырды. Ал, сайыскер Сейтжаппарова Эльмира арнайы колледж директорының Алғыс хатына ие болды.


Наурыз
2018


zharatylystanu gylymy


«Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік»

«№2 Жаратылыстану және ғылыми пәндер» ЦӘБ-інің ұйымдастыруымен 28 ақпан мен 5 наурыз аралығында «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» деп аталатын апталық ұйымдастырды. Бұл апталық, колледж студенттерінің ғылыми қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту және өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Апталықта физика пәнінің оқытушысы Г.Рысбекованың ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалды сайысы, химия пәнінің оқытушысы Ә.Искакованың «Спиртттер мен фенолдардың реакцияға қабілеттілігі» атты ашық сабағы, И.Розиева мен К.Оразбековалардың «Рухани әлем» дін және салт-дәстүр» атты ашық тәрбие сағаты, биология пәнінің оқытушысы А.Шерімбетованың «Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, биотехнологиялық нысандар» сынды ашық сабақтары мен іс-шаралары жоспарлы түрде өткізіліп, студенттер белсене атсалысты.


Ақпан
2018


thumb


ЮНИСЕФ бағдарламасының жұмыстарын жүзеге асырмақ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың тапсырмасына сәйкес, ЮНИСЕФ Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен патронаждық көмекті ұйымдастыру бойынша Қазақстан жоғары медицина колледждері арасында онлайн семинар өтуде. ЮНИСЕФ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры) бағдарламасы бойынша патронаждық мейіргер қызмет жүйесін енгізу жұмыстары Қазақстанның Оңтүстік аймағы бойынша «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің клиникалық базасында өткізу жоспарланған болатын. 2018 жылдың 19-21 ақпан күндері «Санитас» емдеу-сауықтыру орталығы ЕСО мен Түркістан қалалық емханасында 3 күн қатарынан семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты, медициналық мекемелердің кадрлық құрылымына өзгерістер ендіре отырып, патронаждық мейіргер жұмыстарын жолға қою. Осыған байланысты «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі ЮНИСЕФ бағдарламасы негізінде патронаждық мейіргер қызметіне 120 студентті қатыстыруды көздеп отыр. Бұл жағдай, «Санитас» ЕСО-ға тіркелген отбасылар үшін патронаж-мейіргердің қызмет көрсету процесі артады деген сөз.


Ақпан
2018


jetistigimen erekshelengen


Жетістігімен ерекшеленген оқу ордасы 

Жергілікті «Түркістан-тұмарым» газетінің кезекті №8(08, 23 ақпан 2018жыл) санында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің «Жалпы білім беру» бөлімінің меңгерушісі Л.Аймбетованың «Жетістігімен ерекшеленген оқу ордасы» деп аталатын мақаласы жарық көрді. Мақалада әр жылдың өз ерекшелігі, өз жаңалығы бар екені, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі өз арасында өткен жылды қорытындылап, ғылыми есеп бергені айтылған. Жиында Джи-Ай холдингінің президенті, м.ғ.д., профессор С.Ш.Шалхаров және м.ғ.д., профессор Ж.Н.Шалхарова, колледж директоры Қ.О.Рысбеков, директор орынбасары Е.Е.Баратова сөз сөйлеп, өткен жылдың коллледж үшін сәтті жыл болғанын атап өтті. Жиын барысында Джи-Ай холдингінің президенті С.Ш.Шалхаров «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің тәрбие ісі бойынша орынбасары Қ.Әділбаеваны, «Жан Дауа» остеопатиялық медицина орталығының меңгерушісі Д.Мисировты, оқытушы Г.Рысбекованы, «Жалпы білім беру» бөлімінің меңгерушісі Л.Аймбетованы «Ерен еңбегі үшін» Ы.Алтынсарин медалімен марапаттады. Сондай-ақ, колледждің білім, ғылым саласында  еңбек етіп, зор жетістікке  жеткен оқытушыларды арнайы алғыс хаттармен марапаттады,- дейді, мақала авторы.


Қаңтар
2018


pilottyk joba


«Мейіргер ісі» мамандары Жаңа Жобаны жүзеге асырмақ

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК 2017 жылдың 8 тамыз айынан бастап «Медициналық білім мен ғылымды жаңғырту» Жол карта жобасының «Денсаулық сақтау жүйесінде орта мамандардың рөлін арттыру» 2-ші кіші жобаны іске асыру мақсатында, «Практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлік қызметті басқарудың жаңа жүйесін әзірлеу және енгізу» жобасы пилоттық түрде жүзеге аспақ.
Жоба мақсаттарын іске асыру үшін Астана қаласы әкімдігінің Жоғары медициналық колледжінің базасында JAMK және LAMK (Финляндия) университеттердің халықаралық сарапшылардың қатысуымен пилоттық медициналық ұйымдар және Жоғары медициналық колледждер үшін 2018 жылдың 15-19 қаңтар аралығында «Медициналық ұйымдарда мейіргер қызметін ұйымдастырудың моделі» мастер классы ұйымдастырылып, колледжіміздің директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Баратова қатысып қайтты.
Осы мақсатта Қызылорда қаласында да 2018 жылдың 9-19 қаңтар аралығында пилоттық жобаның жұмыс өкілдері үшін ЮНИСЕФ жаңа патронаждық мейіргерлік қызмет көрсетудің жүйесінің прогрессивті жан-жақты моделін енгізу бойынша оқыту семинарына колледжіміздің «Педиатрия» пәнінің оқытушысы А.Сандыбаева, «Санитас» емханасының жалпы тәжірибиелі дәрігері Ю.Шерикбаева, мейіргер М.Юсупова қатысып, сертификаттармен оралды.
Одан кейін, Астана қаласында Ғылым мен адами ресурстарды дамыту орталығы 19-02 ақпан аралығында «Құзыреттілік негізін арттыру «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың 7-семестр оқытушыларының потенциалын жоғарылату мақсатында У.Бабажанова, Т.Назарқұлова, Х.Атаханова, сондай-ақ «Зерттеуді әдістемелік жоспарлау және сараптамалық бағалаудың негізгі ұғымдары» шеберлік-сыныбында Ж.С.Шалхарова, А.Абдужаппарова қатысып, білім алмасып қайтты.
Алдағы күндері тағы да Астана қаласында өтетін «Мейіргер ісі мамандарын дайындаудың білім беру бағдарламаларын жетілдіру» 3.2.1.4- тармағының шеңберінде үстіміздегі жылдың 5-9 ақпанында «Құзыреттілік тәсілдің негізінде «Мейіргер ісі» (1,5жыл) мамандығының қолданбалы бакалавриат жеделдетілген бағдарламасының 3-семестрі оқытушыларының әлеуетін арттыру» бойынша У.Бабажанова, 12-16 ақпанда «Мейіргер ісі мамандығы бойынша академия бакалавры деңгейіне дейін қолданбалы ғылымдар бакалаврларын қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын жетілдіру» үшін Е.Баратова, «Мейіргер ісі мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім деңгейінің білім беру бағдарламаларын әзірлеу» мақсатында шеберлік-классын жалғастыру А.Төлентаеваға жоспарланып отыр.


Қаңтар
2018


ozyk inovaciya 1ozyk inovaciya 2


«Озық инновациялық технологиялар заман талабы» 

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Озық инновациялық технологиялар заман талабы» атты оқытушылардың педагогикалық оқыту семинары болып өтті. Семинарда «CLIL» технологиясын болашақ кәсіби мамандарды даярлауда қолданудың маңызы» тақырыбында К.Оразбекова, «Дарынды білім алушылармен жұмыс әдістемесі, әскери-техникалық және спорттық сайыстарға дайындау» бойынша Б.Қалыбеков, «OSKE технологиясын болашақ медицина мамандарын даярлауда қолданудың маңызы»  туралы Н.Нарметова, «Теориялық сабақтарда ТВL технологиясын қолданудың маңыздылығы» жөнінде У.Бабажанова, «Тест-білім деңгейін анықтаудың бір әдісі. Көп жауапты сұрақтар:МСQ» ерекшелігін А.Искакова баяндамаларында талдап түсіндірді. Білім беру технологиясының күн сайын дамып бара жатқанын ескерсек, мұндай педагогикалық-әдістемелік семинарлардың жиі өткізіліп тұруы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға жетелейді.


Қаңтар
2018


studentterge bilim beru integ


Студенттерге білім берудегі интеграция

Жаңа басылым «Түркістан-тұмарым» газетінің №2 (12 қаңтар 2018ж.) санына «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Д.Жағыпарованың «Студенттерге білім берудегі интеграция» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада колледждің ұйымдастыруымен «Жаңа педагогикалық идеялар» атты оқытушылар арасында қалалық педагогикалық семинар болып өткенін хабарлайды. Семинарда Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының талаптарын іске асыру мақсатын көздегендікте, семинарда педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру және тәжірибе алмасу үшін арнайы сабақ үлгілері сарапталғаны және семинарда колледжіміздің оқытушылары К.Оразбекованың сабақ үлгісі ІІ орынды, У.Бабажанова «Үздік сабақ жоспары» номинациясына ие болғаны айтылған.


Желтоқсан
2017


kolledj jyldy korytylandy 1kolledj jyldy korytylandy 2kolledj jyldy korytylandy 3


Колледж жылды қорытындылады

Әр жылдың өз ерекшелігі, өз жаңалығы бар. Биылғы 2017 жыл да өз мәресіне жетіп, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі жылды қорытындылап, мерекелік кеш ұйымдастырды. Кеш барысында Джи-Ай холдингінің президенті, м.ғ.д., профессор С.Ш.Шалхаров және м.ғ.д., профессор Ж.Н.Шалхарова, колледж директоры Қ.О.Рысбеков, директор орынбасары Е.Е.Баратова құттықтау сөз сөйлеп, биылғы жылдың коллледж үшін сәтті жыл болғанын атап өтті.Басты жаңалықтарымызды атап айтсақ, 1.Колледжіміз 2017 жылы қаңтарда өзін-өзі бағалау бойынша аккредиттеуден сәтті өтіп, аккредиттеу нәтижесі бойынша институционалдық аккредиттеу және мамандандырылған аккредиттеу мәртебесіне ие болды.2.Желілік технологияны қамтамасыз ету үшін ақпараттық — білім порталына негізделген Moodle қашықтықтан оқыту жүйесін енгізуді қолға алды. 3.Колледжіміз талапкерлерді дифференциалды іріктеуде пилоттық жобаны іске асыруға қатысты.4.«Медициналық білімді жаңғырту» жобасы бойынша «Тәжірибелік денсаулық сақтау ұжымдарында мейіргерлік қызметтің жаңа басқару жүйесін әзірлеу және енгізу» тармағына сәйкес пилоттық жобамен жұмыс жасауда. 5.ОҚО денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры м.ғ.к. Қ.О.Рысбеков пен «Ай-Тұмар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ф.Байзахова «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру» туралы меморандумға қол қойды.6.
6.Еліміздің Көкшетау қаласында өткен «ЮНИСЕФ-тің ерте жастағы дамуының модульдерін Қазақстан Республикасының жоғары медициналық колледждерінің білім беру бағдарламаларында жалпыға бірдей прогрессивті үлгідегі мейіргерлерді оқыту, жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде қамқорлық жасау» тақырыбында өткен оқыту курсына колледжіміздің оқытушылары қатысып қайтты. Бұл дегеніміз, мейіргерлерге арналған оқытудың жаңа 14 модулі бойынша колледж оқытушылары дәріс беруге дайын екенін көрсетеді.7.Биылғы 2017-2018 оқу жылында JAMK Университеті мен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті бірлескен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша колледжіміздің оқытушысы Абдужаппарова Ақбота магистратураға түсті, т.б. осындай басты жаңалықтар колледж ұжымының білім мен ғылымдағы алға ілгерілеуі деп білеміз.
Мерекелік кеш барысында Джи-Ай холдингінің президенті С.Ш.Шалхаров «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің тәрбие ісі бойынша орынбасары Қ.Әділбаеваны, «Жан Дауа» остеопатиялық медицина орталығының меңгерушісі Д.Мисировты, оқытушы Г.Рысбекованы, «Жалпы білім беру» бөлімінің меңгерушісі Л.Аймбетованы «Ерен еңбегі үшін» Ы.Алтынсарин медалімен марапаттады. Сондай-ақ,колледждің білім, ғылым саласында еңбек етіп, зор жетістікке жеткен оқытушыларды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.


Желтоқсан
2017


bilim biegindegi bas


Білім биігіндегі бастама

«Түркістан» қалалық газетінің (№52(9392) 21 желтоқсан, 2017жыл) номерінде «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі А.Рысбекованың «Білім биігіндегі бастама» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада ҚР Президентінің 2016 жылғы № 176 Жарлығында «Медициналық білім беруді жаңғырту Қазақстан Республикасы ЖОО-дары мен колледждерінің мейіргерлік іс оқытушылары үшін Мейіргерлік іс бойынша магистрдің қазақстандық дипломы және Финляндия университетінің Master of Health дипломы берілетін бірлескен Қазақстан–фин ғылыми-педагогикалық магистратурасы енгізілетін болады»-деген болатын. Соған орай, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі өз оқытушыларының «мейіргер ісі» бойынша білімін жетілдіруге қолдау жасап, ықпал етіп отырғанын, 2017-2018 оқу жылында JAMK Университеті мен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетіне бірлескен «Мейіргер ісі»  мамандығы бойынша колледжіміздің оқытушысы Абдужаппарова Ақботаның магистратураға түсуі колледж үшін зор жетістік екенін атап айтады.Мақала авторы, сөз соңында«Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым»-дейтін әл-Фарабидің сөзін еске алсақ, білген сайын білуге тиіс ғалам жаңалықтарын игеруден жалықпайық,-деп, қорытындылаған.


Желтоқсан
2017


idea 1idea 2


«Жаңа педагогикалық идеялар»

2017 жылдың 20 желтоқсанында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұйымдастыруымен «Жаңа педагогикалық идеялар» атты оқытушылар арасында қалалық педагогикалық семинар болып өтті.  Семинар Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатын көздегендіктен, семинарда педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру және тәжірибе алмасу үшін арнайы сабақ үлгілері ұсынылды. Педагогикалық әдістерді сараптау үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессор оқытушылары п.ғ.к., доцент Б.Жүсіпова, ф.ғ.к., доцент м.а. Ә.Толысбаева, ф.ғ.м.Р.Есбалаева сарапшылық жасады. Семинарға қатысушылар сабақта қолданылған технологияның тиімділігі; Оқытушының жаңашыл идеялары, шығармашылық жұмыстарының шынайылығы; Тақырыпқа байланысты видеопрезентацияның сапасы; регламентті (10 минут) сақтау бойынша бағаланып, қорытындыланды.


Желтоқсан
2017


vestnik


«Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша түлектерге оқу курстарын дамыту

Мейіргерлік іс туралы ақпараттық Хабаршыда (Информационный ВЕСТНИК по вопросам сестринского дела 2017г.) Шалхарова Ж.С., Баратова Е.Е., Рысбекова А.А., Тулентаева А.А., Баратова Д.А., ЕлюбаеваФ. авторлығымен «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша оқу орнынан кейінгі білім беру және оқу курстарын дамытуға арналған оқыту стилінің тұжырымдамасын қолдану» атты мақаласы жарияланды. Онда үздік білім беру бағдарламаларының тәжірибесі түрлі студенттердің білім алу тиімділігін анықтау үшін міндетті мониторинг жүргізуді қамтитыны,көптеген зерттеулер оқу бағдарламаларын өңдеуде түсінудің (таным) түрлі стильдерінің қажеттілігін есепке алуды көрсететіні жөнінде таратып түсіндіреді. Нәтижесінде оқу курстарын әзірлеу кезінде белсенді оқу және тәжірибелік эксперименттерді оқу және талқылаумен біріктіруге мүмкіндік беретін білім берудің әртүрлі әдістерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету қажет, кері байланыс сапасы маңызды рөл атқарады,-деген, мақалада.


Желтоқсан
2017


zhana oku turi


Жаңа оқу түрі – жаңа нұсқаулық

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің басшылары м.ғ.д.  С.Ш.Шалхаров, м.ғ.д. Ж.С.Шалхарова, м.ғ.к. Қ.О.Рысбековтердің редакторлығымен «Медицина колледждерінде объективті құрылымдық клиникалық емтихан технологиясы бойынша студенттердің тәжірибелік дағдыларын бағалаудың әдістемелік нұсқауы» жарыққа шықты. Бұл еңбектің маңыздылығы ХХ ғасырдың соңынан бастап шетелдік медициналық оқу орындарында студенттер мен интерндердің білім деңгейі мен тәжірибелік дағдыларын бағалауда объективті құрылымдық клиникалық емтихан (ОҚКЕ) тәсілі кеңінен қолданылуда. Сондай-ақ, ҚР 2020-шы жылға дейінгі стратегиялық жоспарына (ҚР Президентінің 01.02.10.,№922 Жарлығы) сәйкес еліміздегі жоғары медициналық білім беру мекемелері, солардың қатарында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі де ОҚКЕ тәсілін қолдана бастағаны белгілі. Объективті құрылымдық клиникалық емтиханды ұйымдастыру мен өткізудің тәртіптерін арнайы зерттеп, әдістемелік нұсқауды құрастырғандар, колледжіміздің оқытушылары Е.Е.Баратова, О.Р.Абдужаппарова, У.Бабажанова, Г.Жапабаева, Н.Қ.Нарметова, С.тілеулиев, А.Абдужаппарова, М.Дүйсенбаева, А.Сандыбаева, Н.С.Махмудова, М.Р.Ергешов


Желтоқсан
2017


bilimdi zhastar


«Білімді жастар – ел болашағы» атты ашық есік апталығы

Оқу ордамыздың «Жапы кәсіптік пәндер» ЦӘБ-і (циклдық әдістемелік бірлестігі) қарашаның соңы мен желтоқсанның басын ашық есік апталығы деп жариялап, 29қараша мен 6желтоқсан аралығында «Білімді жастар – ел болашағы» атты апталығын ұйымдастырды. Апталық түрлі форматта жүргізілді: колледж оқытушысы Е.Байбосынов «Ислам діні — ізгілік діні және теріс ағымдар мен ұйымдар» атты рухани кеш ұйымдастырса, оқытушы Ю.Шерикбаеваның басшылығымен «Менің тұңғыш президентім» атты салтанатты кеш өтті. Ш.Байжановтың жетекшілігімен «Анатомия – медицина атасы» атты ғылыми жұмыстар арасында байқау жарияласа, оқытушы С.Ирисметов  «Ас қорыту жүйесінің физиологиясы. Ас қорытудағы бауыр, ұйқы безі және өттің маңызы» атты ашық сабақ өткізді.


Қараша
2017


ertengi bolashakertengi bolashak 2


«Ертеңгі болашақ-бүгінгі білімді ұрпақ» ашық есік апталығы

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің «Терапия және туыстас пәндер» ЦӘБ-нің (циклдық әдістемелік бірлестігі) 6-10 қараша аралығында «Ертеңгі болашақ –бүгінгі білімді ұрпақ» атты ашық есік апталығы болып өтті. Апталық барысында оқытушы А.Абдужаппарова студенттерді ғылыми жұмысқа бағыттау мақсатында «Ғылыми ізденіс жұмыстары» атты тренинг өткізсе, Д.Елубаева мен Д.Баратова «Суицид себептері мен алдын алу шаралары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Ал, «Терапия және туыстас пәндер» ЦӘБ-нің оқытушылары С.Тілеулиев, Н.Нарметова, Б.Нәбиева терапиялық пәндер бойынша ашық сабақтар өткізді. Мәселен, С.Тілеулиев «Терапиядағы медбикелік іс» пәні бойынша «Жедел қантамыр жетіспеушілігі. Медбикелік үдерісті ұйымдастыру» тақырыбында, Н.Нарметова «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша «ТАА бар науқастарды объективті тексеру әдістері» тақырыбында, Б.Нәбиева «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша «Ботулизм» тақырыбы бойынша ашық семинар ұйымдастырды.


Қазан
2017


meirgerler zhanamodul


Мейіргерлер жаңа модуль түрін меңгеруде

Еліміздің Көкшетау қаласында 23-28 қазан аралығында өткен «ЮНИСЕФ-тің ерте жастағы дамуының модульдерін Қазақстан Республикасының жоғары медициналық колледждерінің білім беру бағдарламаларында жалпыға бірдей прогрессивті үлгідегі мейіргерлерді оқыту, жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде қамқорлық жасау» тақырыбында өткен оқыту курсына колледжіміздің оқытушысы М.А.Юсупова қатысып қайтты. Мейіргерлерге арналған оқытудың жаңа 14 модулі бойынша М.А.Юсупова өз жаңалықтарымен бөлісіп, әріптестеріне тренинг ұйымдастырмақ.


Қазан
2017


zhastar gylym


Студенттеріміз «Жастар және ғылым» тақырыбындағы конференцияға өз жаңалықтарын ұсынды

ОҚО білім басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 27-қазанда «Жастар және ғылым» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің ғылыми-практикалық конференциясына өз жаңалықтарын ұсынып, коледжіміздің студенттері Ш.Аманбек «Электромагниттік сәулеленудің адам ағазасына әсері» тақырыбында (жетекшісі: Г.Рысбекова), А.Мұсаева «Тәуелсіздік жаршысы – Әлихан Бөкейханов» тақырыбында (жетекшісі: Л.Айымбетова), Н.Байжұман «Қанайналым жүйесінің аурулары және оның асқынуларының алдын алу, дәрілердің және дәрілік өсімдіктердің ықпал етуінің салыстырмалы нәтижесі» тақырыбында (жетекшісі: Н.Нарметова) қатысып, баяндама жасап қайтты.


Қазан
2017


diferencial


Колледжіміз талапкерлерді дифференциалды іріктеуде пилоттық жобаны іске асыруға қатысты

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК 2017 жылғы «Медициналық білімді жаңғырту» жобасы бойынша желілік кестенің «Мейіргер ісі мамандарын даярлау бағдарламасынжүзеге асыратын медициналық білім беру ұйымдарындағы, іріктеудің жаңа әдістерін пилоттық енгізу және мониторингтеу» міндетін орындау мақсатында пилоттық медициналық колледждерде іріктеудің дифференциациялық әдісін енгізу және осы колледж қызметкерлеріне әдістемені оқыту жоспарланған болатын. Соған сәйкес, үстіміздегі жылдың 02-04 қазан күндері «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде ДСДРО сапашылары З.А.Байғожина, Б.М.Хандиллаевалардың қатысуымен пилоттық жоба жұмыстары жүргізіліп, талапкерлерді дифференциалды іріктеуде пилоттық жобаны іске асыруға қатысты.


Қазан
2017


pilotty zhoba 1 pilotty zhoba 2


«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі пилоттық жобаны қолға алды

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Түркістан қаласындағы «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2017 жылғы «Медициналық білімді жаңғырту» жобасы бойынша «Тәжірибелік денсаулық сақтау ұжымдарында мейіргерлік қызметтің жаңа басқару жүйесін әзірлеу және енгізу» тармағына сәйкес пилоттық жобамен жұмыс жасауда. Пилоттық жобаның мақсаты, тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдарында мейірбикелік кәсіпке — жоғары колледждердің клиникалық базаларына сәйкес халықаралық талаптарға сай мейірбикелік қызмет көрсетудің жаңа моделін әзірлеу және енгізу болатын. Яғни, Пилоттық жоба «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша дүниежүзілік мейірбикелер ұсынатын білікті мейірбике тәжірибесін жаңғыртуға бағытталған. Енді медбикелер өздерінің мәнсаптық дәрежесін жоғары көтеруге қол жеткізіп қана қоймай, науқастың жағдайын жақсартудың түрлі тәсілдерін меңгереді.
Жоба барысында, топ мүшелерімен байланыс, медбикелер тобының жұмысын үйлестіру, басқа денсаулық сақтау мамандарымен байланыс, перспективалық топтың кездесулері мен қызметі, күтімді қамтамасыз етудің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіпқойлар арасындағы араласуды үйлестіру шаралары қамтылатын болады.
Аталмыш жоба аясында колледжіміз ҚР медицина колледждері Одағы басқармасының бастығы, м.ғ.д., профессор Ж.С.Шалхарова, ОҚО ДС басқармасынан аймақтық менеджері А.ААмирбекқызы, Жоғары медицина колледжінен директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е.Баратова және аймақтық денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесіп, Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері А.О.Сакеева, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Б.О.Тореханов, Түркістан қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері С.У.Насырова, №3 облыстық перинатальдық орталылығының бас дәрігері (сол кезде) А.Я.Ильясова және «Санитас» ЕСО-ның бас дәрігері Ө.Д.Исмаилов, т.б.жұмыстарын бастап кетті.


Қыркүйек
2017


bilim beru


Білім берудегі ілгерілеушілік

Республикамызда Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы жасалды. Осыған орай «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2016 жылы Финляндия мемлекетінің Jamk және Lahti Университеттерімен қолданбалы бакалавриат мамандарын дайындауда меморандум құрған болатын. Соған сәйкес, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі өз оқытушыларының «мейіргер ісі» бойынша білімін жетілдіруге қолдау жасап отыр. Биылғы 2017-2018 оқу жылында JAMK Университеті мен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті бірлескен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша колледжіміздің оқытушысы Абдужаппарова Ақбота магистратураға түсті. Білім мен ғылымды ілгерілетудегі бұл жаңалық — екі елдің ынтымақтастығын нығайтуда. Бұл туралы, А.Абдужаппарова «Заманауи мейіргер ісі жүйесін дамытудың алғашқы қадамы ретінде менің магистратураға түсуім өзім үшін ғана емес, өзім еңбек ететін оқу ордасының да білім беру процесіндегі ілгерілеушілік»-дейді.


Маусым
2017


bitirushi okke


Бітірушілер ОСКЭ/ОҚКЕ технологиясымен мемелекеттік емтихан тапсырды

Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжін бітірушілер ОСКЭ/ОҚКЕ технологиясымен тұңғыш рет мемелекеттік емтихан тапсырды. Оқу процесіне 2016-2017 жылы енген ОСКЭ/ОҚКЕ технологиясы бойынша емтихан тапсыру студенттер үшін де оқытушылар үшін де қолайлы, әрі сәтті өтті.


Мамыр
2017


Respublika zhuldesi


Республикадан жүлдемен оралған Мадиярдың алғашқы жеңісі

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Эрудит» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен «Ғ.Мүсіреповтың туғанына 115 жыл толуына орай» оқушылар арасында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша қашықтықтан өткен Республикалық олимпиадаға қатысып, ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскен колледжіміздің студенті Өмірзақ Мадияр (жетекшісі Ғ.Шәмші) ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


Ақпан
2017


kashyktan bilimberu


Қашықтықтан білім беруді қолға алды

Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінде желілік технологияны қамтамасыз ету үшін ақпараттық — білім порталына негізделген Moodle қашықтықтан оқыту жүйесін енгізуді қолға алды. Порталда әрбір оқытылатын цикл бойынша қашықтықтық курстар бар. Кез-келген уақытта тындаушыларға (орта буынды медицина қызметкерлері, жас педагогтар және т.б.) оқытылатын циклдық курстар бойынша оқу-әдістемелік материалдарын қарастырып, тестілік сұрақтар мен бақылау тапсырмаларын орындап, тьютордың бағалары мен пікірлерін біле алады.

Қаңтар
2017

okytushylar shetelden daris aluda


Оқытушылар шетелдік ғалымдардан дәріс алуды бастады

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі шетелдік Лахти (Финляндия)қолданбалы ғылымдар университетімен бірлесе отырып оқытушыларды онлайн-курс бойынша оқытуды бастады. Қазіргі таңда халықаралық топтың мүшелері «Мейірбикенің ролі туралы» өткізілетін онлайн-сабақты апта сайын жүргізбек.


Қаңтар
2017


Туркестан каз


Колледж аккредиттеу мәртебесіне ие болды

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі өзін-өзі бағалау бойынша аккредиттеуден сәтті өтті. Аккредиттеу нәтижесі бойынша институционалдық аккредиттеу және мамандандырылған аккредиттеу мәртебесіне ие болды.


Желтоқсан
2016


001


Колледж Республикамыздағы Мейіргерлік білімді реформалау жұмыстарына қатысты

Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінің бас директоры, м.ғ.д. Ж.С. Шалхарова және директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е. Баратова «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавиаттарға арналған жеделдетілген білім беру стандартын дайындау комиссиясының мәжілісіне қатысты.


Желтоқсан
2016


maktanysh


Білім сапасындағы мақтаныш

“Түркістан” көпсалалы жоғары медицина колледжі Қазақстан Республикасы бойынша колледжер арасында үздік көрсеткішке ие болып “Білім сапасының мақтанышы” медалімен, сапалы басқару және ұйымдастырушылық дағдылар мен еңбек жетістіктері үшін “Бейімділік. Даналық. Білім” қабырға медалімен және “Білімге зор үлес қосқаны үшін” орденімен марапатталды.


Желтоқсан
2016


mamandyrylgan institutsionaldyk


Колледж мамандандырылған және институционалдық аккредитациядан өтуде

Колледж мамандандырылған және институционалды аккредиттеуден табысты өтті.


Желтоқсан
2016


okke tapsyru


Колледж ОСКЭ/ОҚКЕ технологиясы бойынша емтихан қабылдауды бастады

“Түркістан” көпсалалы жоғары медицина колледжі ОСКЭ/ОҚКЕ (объективно структурированный клиническиц экзамен –объективті құрылған клиникалық емтихан) технологиясы бойынша емтихан қабылдауды бастады.


Желтоқсан
2016


zhana brend


Колледж жаңа брендке өтті

Республика бойынша жоғары колледж мәртебесіне ие болған алғашқы ондықтың қатарында «Джи-Ай» («GI» Good Intention) Холдингіне қарасты Түркістан көпсалалы медицина колледжі ие болып, жаңа брендке өтті. Он жылдық тарихы бар көпсалалы медицина колледжі өзінің өсу бағытын жаңашалауда дамытуын тоқтатпақ емес. Алдымен медицина колледждерінің өзін-өзі бағалау есебі бойынша үздіктердің қатарына ілініп, ҚР ДСжӘДМ 2016ж. 9 наурыздағы «Жоғары колледжге» қайта құру туралы шешімі негізінде 2016 жылы 6 желтоқсанда Жоғары колледж болып қайта құрылды.Колледж бұл жолы өзінің логотипін ауыстырып қана қойған жоқ, концепциясына, миссиясына, ұстанымына өзгерістер ендіруді жоспарлауда


Желтоқсан
2016


uzhym katyskan seminar


Ұжым қатысқан семинар

Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі колледждің бірқатар оқытушыларын «Институтционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау есебін дайындауы» атты семинарына қатысқаны үшін колледж қызметкерлеріне арнайы СЕРТИФИКАТ ұсынды


Қараша 
2016


Shenberlik synyptan otti


Колледж қызметкерлері шеберлік сыныбынан өтті

Түркістан көпсалалы медицина колледжінің қызметкерлері директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е. Баратова, терапиядағы медбикелік іс пәнінің оқытушылары дәрігер Нарметова Н.Қ., дәрігер С.Тілеулиевтер «Мейірбике ісі» мамандығы негізінде“Қолданбалы бакалавиаттарға” арналған жеделдетілген білім беру бағдарламасы бойынша: «Құзіреттілікке негізделген педагог кадрлардың потенциалын көтеру cаясатымен “Мейірбикелік білім беру саласындағы Қолданбалы бакалаврлардың дипломдық жұмыс процесі” тақырыбында шеберлік сыныбына қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. (Қазақстан-Финляндия 2016ж.).


Қыркүйек
2015


tkmk


ТКМК-і Дуальды оқыту жүйесін енгізді

Түркістан көпсалалы медицина колледжінде әлеуметтік серіктестік шеңберінде дуальды оқыту жүйесі енгізілді.
Дуальды оқыту жүйесіколледждің негізгі клиникалық базасы “Санитас” ЕСО, “Жан Дауа” остеопатиялық медицина орталығы, Жаңақорған шипажайы АҚ жәнеЖаңақорған аудандық медициналық мекемелерімен ынтымақтастық шарттар арқылы жасалынды.


Қыркүйек
2015


H48A0239


Жаңа технология — жаңа емтихан түрі

“Түркістан” көпсалалы медицина колледжінде 2015 жылдан бастап студенттердің тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын ОСКЭ/ОҚКЕ технологиясы бойынша бағалау критерийлері, чек парақшалары дайындалып, колледждің «Виртуалды клиникасында» сынала бастады.
Ол үшін «Студенттердің тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын ОСКЭ/ОҚКЕ технологиясы бойынша бағалаудың әдістемелік нұсқауы» әзірленді.


Қыркүйек
2015


okytudyn ortalyktyk zhuesi


Оқытудың орталықтандырылған жүйесі енгізілді

“Түркістан” көпсалалы медицина колледжіДжи-Ай холдингісіне қарасты «Санитас» емдеу-сауықтыру орталығы,«Жан дауа» остеопатиялық медицина орталығы және оқу корпустары арасында сабақаралық қатынастарды бірыңғай реттеу мақсатында электронды қызметті қолдану жүйесі орталықтандырылды.


Қыркүйек
2015


880abf483b0b6f426f690e34dd18b4e8ad


Колледж халықаралық ресурсқа қол жеткізбек

“Түркістан” көпсалалы медицина колледжі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында жасалынған шарт бойынша колледждің оқытушы-профессордар құрамы мен студенттер алдыңғы қатарлы “Thomson Reuters”, “Elsevier”, “Springer” сияқты әлемдік электронды базаларды қолдану мүмкіншілігіне ие болып отыр.


Қыркүйек
2015


kitap sany 35000


Ғылыми кітап қоры 35 000-ға (отыз бес мыңға) жетті

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің кітапханасы колледж ашылғалы өз жұмысын жүйелі атқаруда. Кітап қоры кең көлемді, онда медициналық, ғылыми, оқу-әдістемелік оқулықтармен, анықтамалықтар, энциклопедиялар, әртүрлі көркем әдебиет және мерзімді басылымдар жинақтарымен толықтырылған. Кітапхана қоры жылдан жылға көбеюде. Биылғы есептік көрсеткіш бойынша кітап қоры – 35 428 дананы құрайды. Кітапхана студенттерді оқулықтармен толық қамтамасыз етеді және студенттердің ақпараттық кеңістікке қолжетімді болуы үшін Ғаламторды тегін пайдалануға мүмкіндік берілген, сонымен қатар колледж студенттері Интернет ресурстарын пайдалана отырып ғылыми, тәжірибелік жұмыстарын (хабарлама, баяндама, реферат, презентация) дайындауға мүмкіндіктер жасалған


Тамыз
2015


sanitas


«Санитас» емдеу-сауықтыру орталығы күрделі жөндеуден өтті

2014-2015 оқу жылы «Санитас» емдеу-сауықтыру орталығына күрделі еврожөндеу жүргізіліп, ішкі бөлмелер қайта жабдықталды.
Колледждің клиникасы «Санитас» емдеу сауықтыру орталығының болуы колледж оқытушы дәрігерлерінің кәсіптік тәжірибесінің артуына, ал білім алушылардың кез келген уақытта тәжірибелік манипуляцияларды толық орындай алуына мүмкіндік беруде.


Қыркүйек
2014


mentorlyk institut


Іргесі қаланған менторлық Институт

Студенттердің тәжрибелік дағдыларын ұштау мақсатында “Түркістан” көпсалалы медицина колледжң мен оның өзәндік клиникалық базаларында еліміздегі медициналық колледждерінің арасында тұңғыш болып “Мейірбике-ментор” мамандығы тағайындалды.
“Мейірбике-ментор” мамандығының “Қызметтік Міндеттері” және “Қызметақы тағайындау жолдары” жайлы Ережелер бекітілді.


Қыркүйек
2014


virtualdy klinika


Қазақстандағы медицина колледждерінің арасындағы тұңғыш Виртуалды клиника

Интеграциялық бастама ретінде Қазақстан оқу орындарының арасында тұңғыш болып «Түркістан» көпсалалы медицина колледжінің «Виртуалды клиникасы» ашылды.
Клиникада Менторлық Институт енгізіліп, оқу үдерісінде симуляциялық оқытуды пайдалану мақсатында ашылған колледждің «Виртуалды клиникасы» іске қосылды. Онда студенттер түрлі: терапиялық, хирургиялық, педиатриялық, перзентхана, реанимация және т.б жағдайларда тәжірибелік дағдыларды заманауи манекендерді қолдану арқылы мейірбике-менторлардың көмегімен машықтанады.
Дағдыларды игерудің барлық сатылары виртуалды клиникада орналасқан арнайы интерактивті тақтамен жабдықталған мәжіліс залында талқыланады.


Қараша
2013


zhana urdis


Оқытудағы жаңа үрдіс

Колледжіміздің клиникалық пән оқытушылары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Медициналық білім және ғылым ұйымдарының оқытушысы» мамандығы бойынша «Білім беру бағдарламаларын дайындаудағы құзыреттілік тәсілдеме» циклында біліктіліктерін арттыру курсынан өтті.
Енді оқытудың жаңа үлгісіне сай Студенттер — үлгілік және құзіреттілікке негізделген жұмыс бағдарламаға сүйеніп, пән бойынша білімгерлер базалық және кәсіптік құзіреттіліктерді меңгеретін болады.


Сәуір
2013


findiktermen shenber


Финдіктермен өткізілген шеберлік сыныбы

2013 жылдың сәуірінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша ҚР МЖМБС құрастыру шеберлік сыныбы өтіп, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты дайындалды. Оған қатысқан авторлық ұжым мүшелері болып, “Джи-Ай” Холдингінің вице президенті, “Түркістан” көпсалалы медицина колледжі директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е. Баратова (Қазақстан-Финляндия 2013ж.) қатысты.


Маусым
2012


zhan daua


«Джи-Ай» Холдингіне қарасты «Жан Дауа» остеопатиялық медициналық орталығы өз жұмысын бастады

2011 жылы «Джи-Ай» Білім беру және сауықтыру Холдингі ашқан «Жан Дауа» остеопатиялық медициналық орталығының ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, қолданысқа берілді. Мұнда,студенттердің тәжрибелік деңгейін кеңіту мақсатында, мануальды емдеу тәсілін оқытып, үйретеді.
Орталықта сүйек-буын, омыртқа жотасы және т.б ауруларды емдеу үшін барлық жағдай жасалып, қажетті аппараттармен жабдықталған.
Басқа аудандардан келген науқастарға жатып ем қабылдау жағдайы қарастырылған, яғни күндізгі және тәуліктік ем қабылдау палаталары бар.


Ақпан
2012


Оқытушылар тағылымдамадан өтті


Оқытушылар тағылымдамадан өтті

Үстіміздегі 2012 жылы Колледж оқытушылары Е.Баратова, М.Ергешов, Д.Сейтходжаева «Білім беру бағдарламаларын дайындаудағы құзіреттілік тәсілдеме» атты курс бойынша Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Медициналық білім беру орталығында тағылымдамадан өтті.

Қыркүйек
2010

simulyaciya


Колледж симуляциялық оқытуды қолға алды

Колледж ішінде Симуляциялық орталық құрылып, онда — мануалды дағдыларды виртуалды жағдайда дұрыс қолданудың ағымдағы бақылауы жүргізіліп, оқыту-үйрету тәсілдері қолданылады.
Орталық әрбір студент тобына жеткілікті әдістемелік материалдар, манипуляцияларды орындауға қажетті құрал-жабдықтармен, муляждармен, симуляциялық манекендермен және робот-симуляторлармен қамтамасыз етілген.


Қыркүйек
2009


tkmjk


ТКЖМК кредиттік-модулдік жүйемен 
оқытуды бастады

Түркістан көпсалалы медицина колледжінде 2009-2010 оқу жылынан бастап жалпы гуманитарлық, әлеуметтік – экономикалық және жалпы кәсіптік пәндер бойынша кредиттік-модульдік оқыту технологиясының элементтері қолдануды бастады. Колледж оқытушылары оқу-әдістемелік құжаттарды (силлабустар) әзірлеп, СӨЖ, ОБСӨЖ және бағалау тәсілдерін енгізуді қолға алды. Кредиттік-модульдік жүйемен оқытудың ерекшелігі — Студенттер элективті пәндер каталогі негізінде оқуға ұсынылған пәндерді өзі таңдайды.


Қыркүйек
2009


kredittik zhue


Колледжімізге кредиттік оқыту жүйесі ене бастады

Студенттердің кәсіби деңгейін жақсарту және жеке шығармашылық қабілеттерінің жан-жақты дамуы мақсатында оқытудың кредиттік-модульдік жүйесін енгізу жайлы шешім қабылданып, колледждің оқу-әдістемелік орталығына жаңа нормативтік құжаттамалар дайындау тапсырылды


Қазан
2009


electrondy okuzhuiesi


Электронды оқу базасы құрылды

“Түркістан” көпсалалы медицина колледж кітапханасында электронды оқыту базасы ашылды.
Студенттердің оқулық базасын тиімді пайдалану мақсатында әр курс, әр семестрде қолданылатын оқулықтар мен оқу құралдары толықтай CD – дискілерге көшірілген. Олардың саны студенттердің санынен екі есе көп болып жасалынды.


Желтоқсан
2009


mem attestaciya


Оқу ордасы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті

Түркістан көпсалалы медицина колледжі жоғары көрсеткішпен жоспарлы мемлекеттік аттаестациядан сәтті өтті.


2009-2010


dji ai bilim beru


«Джи-Ай» Білім беру және сауықтыру Холдингі құрылды

“Түркістан” көпсалалы медицина колледжі, “Санитас” емдеу-сауықтыру орталығы және “Жан дауа” остеопатиялық медицина орталығы мекемелерінің медицина мамандарын даярлауға қосатын үлестерін бірыңғай реттеу мақсатында және келешек күрделі медициналық және инновациялық жабдықтарды алу үшін қаржы мәселелерін топтастыру мақсатымен “Джи-Ай” (ағылш. “Good intention” – қаз. “Ізгі ниетпен” тілегінің ағылшынша аббревиатурасының GI кириллицамен берілген түрі ) білім беру және сауықтыру холдингі құрылды.


Қараша
2007


strategiya


«Біз ХХІ ғасырдың мамандарын даярлаймыз»

“Түркістан” көпсалалы медицина колледжі «Біз ХХІ ғасырдың мамандарын даярлаймыз» деген колледждің «Миссиясы» мен «Стратегиялық даму бағдарламасы» негізінде материалдық – техникалық базасын нығайтуды, оқу процесін жетілдіруді, студент жастардың рухани дамуына қатысты үш бағытта жұмыстар атқаруды бастады.


Шілде
2006


sanitas 1


Жаңа ашылған оқу ордасы

«Түркі руханиятының астанасы» статусынсыз-ақ екі дүниенің есігі болған Түркістан қаласы аумағында шоғырланған халықтың орта буынды медицина мамандарына мұқтаждығын ескере отырып 2006 жылы жеке меншік Түркістан көпсалалы медицина колледжі ашылды. Колледждің ашылуына мұрындық болған медицина ғылымдарының докторы, Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының үш шақырылым бойынша депутаты, профессор Сайлаубек Шалхаров болды.
Бастапқы жылы оқытушы-профессорлар құрамын және «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша алғашқы 62 студентті қабылдады.