АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРДЫҢ БЛОГЫ

Директор Үндеуі

 

 

Құрметті достар!

 

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі – өзіндік жаңалығы бар, көпжылдық медициналық білім саласындағы және ғылыми ізденіс жағынан тәжірибесі мол бірден-бір оқу орны.

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі – Қазақстан медицина колледждерінің  өзін-өзі бағалау қорытындысы бойынша «өте жақсы» бағаға ие болып, Халықаралық деңгейде оқытудың алғашқы баспалдағынан өтіп «Жоғары колледж» атанды. Колледж «Емдеу ісі» мен «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша білім беретін, Қазақстан Республикасында тәжірибелік дағдыларды жетілдіруде «Виртуалды клиниканы» алғаш ашқан көшбасшы оқу орны.

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі – 2015 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан қаласы оқу орындарының арасында «Үздік колледж» атанды. Біздің колледжіміз 2016 жылы Финляндия мемлекетінің Jamk және Lahti университеттерімен қолданбалы бакалавриат мамандарын дайындау бойынша ынтымақтастық қызмет жасау туралы меморандум құрды. Объективті- құрылымдық клиникалық емтихан ОСКЭ/ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды аттестациялау арқылы студенттердің білімі мен машықтану деңгейлерін анықтауда қолданылатын алдынғы қатарлы әдістің түрін қолдануды бастады.  ИСО 9001:2009 халықаралық стандарттар талабы негізінде сапа мененджмент жүйесіне сай (СМЖ) жұмыс жүргізуде.

Колледж жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңестігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын медициналық білім, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық технологияларды негіздеуге ие.

Бүгінгі таңда «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі Сіздерге алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын оқу ордасы.

Колледж 12 жыл ішінде «Емдеу ісі» және «Медбикелік іс» мамандықтары бойынша 2893 медицина мамандарын дайындап шығарды. Қазіргі таңда колледж түлектері Түркістан аймағының барлық медициналық мекемелерінде сонымен қатар, республиканың басқа да облыстарында қызмет етуде. Жұмыс берушілердің (бас дәрігерлер, бас және аға мейірбикелер) жыл сайын жүргізілетін сауалнамаларының қорытындылары бойынша талдау барысында көпшілігінің біздің дайындаған мамандарымыздың кәсіби біліктіліктеріне қанағаттанатындықтарын көрсеткен. Біз, Қазақстанның болашағы үшін жан-жақты біліммен қаруланған, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастарды дайындап жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз. Біздің түлектеріміздің көпшілігі Қазақстан қоғамының элитасын толықтырады және еліміздің даму бағытының қалыптасуында ат салысады. Бұл — біздің ең құнды да, маңызды жеңісіміз, біз онымен мақтан етеміз және болашаққа деген сеніммен қараймыз .

Сіздерді колледжімізге шақырамыз! «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжіне қош келдіңіздер!

 

Құрметпен, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры,

медицинағылымдарыныңкандидаты Қ.О.Рысбеков

Жазылу